158
8-т а р а у
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
8.1. Ас қорытудың мəні мен маңызы
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қо-
ректік заттардың күрделі қосылыстарының денеге жеңіл сі ңетін
қарапайым құрамаларына ыдырауын қамтамасыз ететін про-
цестердің жиынтығын айтады.
Организм əртүрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде
энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік əрекетін сақтау
үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отырылуы керек.
Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар
(белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректік
заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде
кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға
сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп, қарапайым қосылыс түріне
айналу керек. Ас қорыту жолында коректік заттар физикалық,
химиялық, биологиялық əсерлерге ұшырап, кіші молекулалы,
суда оңай еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады.
Ас қорытудың мəні осында.
Жоғары сатыдағы жануарлардың ас қорыту ағзалары күрделі
эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепті тіршілік ортасының
жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланы-
сты ас қорытудың бірнеше түрлері қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: