Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет279/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   542
11.7. Эпифиз (пинеальдық без)

Эпифиз омыртқалы жануарлардың барлық кластарында кез-

деседі. Ол тек миксин (дөңгелек ауыздылар), қолтырауын (кроко-

дил) мен кит тəрізділерде ғана болмайды, бірақ бұл жануарларда 

ортаңғы мидың үстінде эпифизге тəн ұлпалар табылған. 

Жоғары жəне төменгі сатыдағы омыртқалыларда эпифиздің 

құрылысы əртүрлі болады. Төменгі сатыдағы омыртқалы жа-



361

нуарлар эпифизі қызмет жағынан да ерекшеленеді. Салқын қанды 

жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүт қоректі 

жануарларда ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, 

кесірткенің “төбелік көз” деп аталатын органында көз бұршағы 

мен көздің торлы қабығының элементтеріне ұқсас құрылымдар 

табылған. Бұл орган жарық деңгейінің өзгерістерін қабылдап, 

оған байланысты жануардың реакциясын туындатып отырады.

Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің 

алдыңғы төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші 

қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасқан. Ол дəнекер 

ұлпалы қабықпен қапталып, көмескі бөлікшелерге бөлінген 

тығыз құрылым. Оның бөлікшелері екі түрлі торшалардан - 

пинеальдық (пинеалоциттерден) жəне глиялық, құралған. Бұл тор-

шалар жарық сезгіштік (фоторецепциялық) қабілетін жоғалтып, 

безді ұлпаға айналған. Сонымен қатар бұл без мимен жүйкелік 

қатынасын жоғалтқан, симпатикалық жүйкемен автономды си-

патта жүйкеленеді жəне қан тамырларымен жақсы жабдықталған.

1959 жылы Лернер ірі қара эпифизі сығындысынан терінің 

пигменттік торшаларына əсер ететін мелатонин деп аталған 

биологиялық белсенді зат бөлген. Химиялық тұрғыдан ол ин-

дол 

дың туындысы болып табылады. Мелатонин трифтофан 



қышқылынан түзіледі. Алдымен трифтофан молекуласы триф-

тофан-гидроксилаза ферментінің əрекетімен гидроксил тобын 

қосып, 5-гидрокситриптофан түзіледі. Ол карбоксилсіздену 

реак 


циясының нəтижесінде серотонинге айналады. Серотонин 

N-ацетилтрансфераза əсерімен N-ацетилсеротонин түзеді де, одан 

гидроксиндол-0-метилтрансфераза əсерімен мелатонин пайда бо-

лады. Эпифизде күндіз серотониннің, ал түнде - мелатониннің 

мөлшері артады. Бұл серотониннің мелатонинге айналуын рет-

теп отыратын ферменттің белсенділігінің өзгеруімен байланы-

сты. Аталған заттармен қатар эпифиз əсерімен симпатикалық 

жүйке талшықтарының ұшында көп мөлшерде норадреналин 

түзіледі. Түнде норадреналин мөлшері де көбейеді. Қараңғы кез-

де норадреналин мен мелатониннің мөлшерінің өсуі эпифиздің 

жүйкелену ерекшелігіне байланысты. Бұл без симпатикалық 

жүйкенің алдыңғы мойындық түйінен басталатын жүйке 

талшықтарымен жүйкеленеді. Қараңғы кезде алдыңғы мойындық 

түйін нейрондарының белсенділігі күшейеді де, жүйке ұшында 

көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Өз ретінде норадреналин 

N-ацетилтрансфераза ферментінің əрекетін жандандындырып, 

серотониннің ацетилдену процесін жылдамдатады да, оны мела-

тонинге айналдырады.




362

Қазіргі кезде эпифиздің жыныс бездерінің қызметін төмен-

дететін қабілеті анықталды. Оның жыныс бездеріне əсері күннің 

ұзақтығына байланысты өзгереді. Күннің ұзаруы гипоталамус-

гипофиз-жыныс бездері жүйесінің қызметін жақсартып, эпифиз 

жұмысын бəсеңдетеді. Ал жарықтың азаюымен байланысты 

эпи физдің қызметі күшейіп, жыныс бездерінің əрекеті тежеледі. 

Бұл ерекшелікті өндірістік құс шаруашылығында тауықтың жұ-

мыртқалағыш қабілетін өсіру үшін пайдаланады.

Күннің ұзақтығын жасанды түрде ұзарту күз-қыс маусымда-

рында жабайы құстардың жыныстық қызметін күшейтіп, аңдарда 

(түлкі, ақ түлкі, жанат, күзен, қара күзен) мауығу (шағылысу) 

кезеңінің басталуын тудырады. Дəл осы жолмен саулықтардың 

жыныстық айналымын өзгертіп, оларды əрбір 7 ай сайын күйікке 

келтіруге, қоздау мерзімін жиілетуге болатыны ғылыми түрде 

дəлелденген. Қой, теңіз мысығы, т.б. жануарларда жүргізілген 

зерттеулер қыс мерзімінде эпифиздің қызметінің күшейетінін 

көрсеткен. Солтүстік полюсте тіршілік ететін жануарлар эпифизі 

ірірек келеді. Жыртқыш аңдар мен қоян тектестердің көбеюіндегі 

маусымдық ерекшеліктер де эпифиздің қызметімен байланысты.

Жоғарыда баяндалған жайларды қорыта келіп, жарықтың 

күшіне байланысты эпифиз қызметінің өзгеруін былай негіздеуге 

болады. Жарық сəулесінің əсерінен көздің торлы қабығындағы 

таяқшалар мен сауытшаларда пайда болған тітіркеніс төменгі көру 

жолы арқылы мойынның алдыңғы симпатикалық түйініне беріліп, 

оның нейрондарының қызметін бəсеңдетеді. Осымен байланысты 

эпифиздегі симпатикалық жүйке ұштарында норадреналиннің 

түзілуі баяулайды. Ал, норадреналиннің серотониннің мелатонин-

ге айналуын шапшандататын N-ацетилтрансфераза ферментінің 

жандандырушысы екенін баяндап өттік. Осымен байланысты 

тəуліктің жарық кезінің ұзаруы мелатониннің түзілуін баяула-

тып, оның гипоталамус-аденогипофиз-жыныс бездері жүйесіне 

тежеуші əсерін тоқтатады. Нəтижесінде тиісті либериннің 

əсерімен гипофизден ФЖГ бөлінуі күшейеді.

Эпифиз жыныстық жетілуді реттеуде маңызды рөл атқарады. 

Балауса (ювенильдік) кезеңде эпифиз мезгілсіз жыныстық 

жетілуден сақтайды, организмнің жалпы толысуы мен жыныстық 

жетілуінің арасындағы үйлесімдікті қалыптастырады. Ұрпақтану 

(репродуктивтік) кезеңінде эпифиздің физиологиялық мəні 

өзгереді де, ол көбею жүйесінің жарық режиміне бейімделіп, 

өніп-өсу процесінің жануарларға тəн фотопериодикалық сипатын 

қамтамасыз етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет