Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет275/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   542
глюкопротеиндер (фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші 

жəне тиреотроптық гормондар) жəне қарапайым протеин дер - 

по 

липептидтер (адренокортикотроптық, соматотроптық жəне 



лактотроптық гормондар) болып екі топқа бөлінеді

Соматотроптық немесе өсу гормоны (СТГ). Бұл гормон 

таза күйінде 1945 жылы Ли, Эванс, Симпсон зерттеулерінің нə-

тижесінде бөлінген. Гормонға түліктік ерекшелік тəн. Ірі қара 

гормонының құрамында 369, макака маймылы гормонында 

241, адам гормонында 240 амин қышқылдық қалдық болады. 

Адам гормоны жалғыз, ал ірі қара гормоны - қос полипептидтік 

тізбектен тұрады.

Соматотроптық гормон организмнің барлық торшаларында 

белоктың синтезін күшейтіп, РНК-ны көбейтеді, көмірсулар мен 

липидтер алмасуын жандандырады, майлардың өз қоймаларынан 

шайылуын күшейтіп, көмірсулар синтезін жақсартады, малдың 

өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін шапшаңдатады, кальций 

мен фосфор алмасуын реттейді. Гипофизді сылап тастаса, жас 

төлдің өсуі тоқтап қалады. Төлге соматотроптық гормон ексе, оның 

өсуі шапшаңдайды, алыптық (гигантизм) байқалады. Гормон өсу 

процесі тоқтаған жануарларда көп бөлінсе, акромегалия (кейбір 

сүйектер мен мүшелердің өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме-

галия (ішкі ағзалардың өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Бұл гор-

мон жетіспеген жағдайда организмнің өсіп-дамуы тежеліпна-



низм (бой өспеу) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен 

байланысты организм гипофиздік кахексия (сүлдер, көтерем) 

жəне гипофиздік май басу сияқты дерттерге шалдығады.

Соматотроптық гормон инсулин болмаған жағдайда өсу 

процесіне əсер етпейді. Гормонды ұйқы безі сылынып тасталған 

мысыққа ексе, оның организмінде белок синтезі өзгермейді. 




356

Өсу гормоны мен инсулинді қатар еккен жағдайда, осындай 

тəжірибелерде оң азоттық баланс байқалған (ұлпаларда белоктың 

синтезі күшейген).



Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) 1942 жылы Ли, 

Эванс, Симпсон зерттеулерінде бөлінген. Ол молекулалық масса-

сы 4500–5400-ге тең жалғыз тізбекті полипептидке жатады, 

құ рамында 39 амин қышқылдық қалдық болады. Бұл гормон 

бүйрек үсті бездің шоғырлы жəне торлы аймақтарына əсер етіп, 

глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. Гипофизді сылып 

тастағаннан кейін бүйрек үсті бездің қыртысты бөлігі семеді, 

бірақ одан гормондардың бөлінуі тоқталмайды.

АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрий, хлор элементтерінің 

жəне судың кері сорылуына ықпал етеді, май мен амин 

қышқылдарынан глюкозаның түзілуін күшейтіп, қандағы қанттың 

деңгейін жоғарылатады. Бұл катаболизмдік əсері бар гормон, ор-

ганизмнен азоттың бөлінуін күшейтеді, капилляр қабырғасының 

өтімділігін төмендетіп, қабынуға тосқауыл жасайды, организмнің 

əртүрлі қолайсыз əсерлерге бейімделуінде маңызды рөл атқарады.

Тиреотроптық гормон (ТТГ) молекулалық массасы 23–32 

мыңға тең гликопротеид тобына жатады, оның құрамында гек-

созалар мен глюкозамин болады. Ол қалқанша бездің қызметін 

жандандырады, тиреоглобулиннің ыдырауын үдетіп, қанға тирок-

син мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, йодтың қалқанша 

безде жиналуын жақсартады. Оның əсерімен қалқанша без 

фолликулаларының торшалары цилиндр кейпіне келіп, фоллику-

лалар ішіндегі коллоидтар сұйылып, азаяды. 



Гонадотроптық гормондар (ГТГ) жыныс бездерінің өсіп, 

да муына əсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гор мон-

дарының секрециясын күшейтеді, организмнің физио 

логиялық 

күйін өзгертеді.

Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырғыш 



(ФЖГ) лютеиндеуші (ЛГ), лютеотроптық (ЛТГ-пролан) болып 

үш топқа бөлінеді. Бұл гормондар глюкопротеидтерге жата ды, 

олар дың молекулаларының құрамында полипептидтік тізбек пен 

қа тар полисахарид жəне гексозамин болады. Гонадотроптық гор-

мондар аталық та, аналық та дарақтарда кездеседі, бірақ ұрға шы 

мал лютеиндеуші гормонды көбірек бөледі.



Фолликуланы жандандырғыш гормон (ФЖГ) аналық бездің 

дамуын жəне қызметін реттейді. Оның əсерімен фолликулалар да-

мып, фолликулалық сұйықтық жиналады, түйіршікті (гранулезді) 

торшалар көбейіп (пролиферация), оларда аналық гормондар 



(эстрогендер) түзіледі. Аталық малда ФЖГ аталық бездің аралық 


357

(интерстициальдық) ұлпасына, оның аталық жыныс гормонын 

түзетін Лейдиг торшаларына əсерін тигізбей, тек аталық жыныс 

торшаларының түзілуін (сперматогенезді) реттейді.



Лютеиндеуші гормон (ЛГ) овуляцияны - жетілген фолли кула-

лардың жарылуын, жыныс торшасының аналық безден бөлінуін 

реттейді. Бұл гормонның əсерімен овуляция жүрген фолликула-

ларда уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын сары дене 

түзіледі. Еркек малда ЛГ аталық бездің аралық ұлпасында аталық 

жыныс гормонының түзілуін күшейтеді.



Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон 

гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу жəне сүттену процес-

терін реттейді. Осымен байланысты кейбір зерттеушілер бұл гор-

монды пролактинмен шатастырады.



Пролактин - молекулалық салмағы 24200 полипептид, оған 

түліктік-түрлік ерекшелік тəн. Бұл гормон желіннің қызметіне 

əсер етеді. Профессор Г. И. Азимов (1935) зерттеулеріне сəйкес, 

пролактин өздігінен сүттену процесін сүйемелдей алмайды, ол тек 

басқа гормондармен ұтықтаса əсер етеді. Пролактин организм-

дегі су мен тұз балансын реттеуге қатысып, лютеотроптық əсер 

көрсетеді немесе төл көтеру кезінде сары дененің белсенділі гін 

сүйемелдейді.

Пролактин балапан шығарған кептерлер жемсауының қабыр-

ғасындағы ерекше бездердің өсіп-дамуын, қызметін рет 

тейді. 

Бұл бездер құрамында 14% белок, 7,75% май, 1,03% минералды 

заттар болатын ерекше сұйық – “кептер сүтін” бөледі. “Кептер 

сүтінің” құрамында лактоза мен казеиноген болмайды.

Əдеби деректерге сəйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы 

безінің қызметін реттеуге де қатысады. Мысалы, гипофиздің 

панкреотроптық гормоны Лангерганс аралшықтарының дамуын 

күшейтсе, паратиреотроптық гормон қалқанша серік бездерінің 

қызметін күшейтіп, қанда кальций деңгейін көтереді.

Аденогипофиздің секрециялау қызметі қайтарымды байланыс 

негізінде гипоталамус ядролары нейросекреттерімен реттелінеді. 

Гипофиз бен басқа ішкі секрециялық бездер арасында да 

қайтарымды байланыс принципіне негізделген екі жақты қатынас 

орын тепкен. Осының нəтижесінде аденогипофиздің троптық 

гормондары шеткей эндокриндік бездердің кызметін жандандыр-

са, олардан бөлінген гормондар өз кезегінде гипофиздің троптық 

гормондарының түзілуі мен бөлінуін тежеп отырады. Ғылыми де-

ректерге сəйкес эндокриндік бездердің қайтарымды əсері гипота-

ламус арқылы да жүреді деген болжам айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет