Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет277/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   542
Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз түрленген 

нейроглиялық торшалардан - питуициттерден құралған. Бұл 

торшалар гормондар түзу процесінде белгілі рөл атқарады. 

Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес нейрогипофиз 

гормондары гипоталамустың супраоптикалық жəне па 

ра 


вен-

трикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет 

түйіршіктері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы аксондары бо-

йымен гипофиз сабағы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. 

Гипофиздің артқы бөлігі тек нейросекреттер қоймасы ғана емес, 

сонымен қатар олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз 

ететін маңызды орган. Нейрогипофизде нейросекреттер окси-

тоцин жəне вазопрессин гормондары түрінде жиналады. Ва-

зопрессин гипоталамустың супраотпикалық, ал окситоцин - 

паравентикулярлық ядроларында түзіледі.



Вазопрессин антидиурездік əсер етеді. Ол бүйрек түтік 

ше-


лерінен алғашқы зəр құрамындағы судың кері сорылуын жан-

дандырады. Бұл гормон бүйрек түтікшелері эпителийінің гиа-

луронидаза ферментін бөлуін күшейтеді. Аталмыш фермент 

торша аралық заттардағы гиалурон қышқылын полимерсіздеп, 

түтікшелер қабырғасының өтімділігін жоғарылатады, реабсорб-

ция процесін күшейтеді. Осымен байланысты вазопрессинді 



антидиуретин (АДГ) деп те атайды. Бұл гормон алғашқы зəр-

ден калий, натрий жəне хлоридтердің кері сорылуын тежеп, 

минералдық заттар алмасуына реттейді. Сонымен қатар вазо-

прессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан 

қысымын жоғарылатады.



359

Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің 

белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің, 

желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиыры-

луын күшейтіп, сүттің бөлінуін, малдың июін реттейді. Ок-

ситоцин тұмса малдың туар алдында желіндеуін, желінде май 

түйіршіктерінің түзілуін жандандырады.

Аталық малда окситоцин шағылысу кезінде шəуеттік жолдың 

бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляция ту-

дырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет