Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет303/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

136-сурет. Грааф көпіршігінің құрылысы: 

1 - базальдық мембрана; 2 - фол ли кулалық сұйық; 

3 - жұмыртқалық төмпешік; 4 - түйірлі торшалар; 

5 - ооцит; 6 - капилляр торы; 7 - тостағаншаның 

ішкі қабатының торшалары

0,6, биеде 3–5 см. Мал өнімталдығы 

бір мезгілде жарылған фолликулалар 

мен ұрықтанған жұмыртқалар санына 

байланысты.

Аналық жыныс торшаларының же-

тілуі барысында І–реттік ооцит тің ал-

ғашқы мейоздық бөлінуі нəти же сінде 

екі торша пайда болады (134-су ретті 



401

қараңыз). Оның кішісіне цитоплазманың аз ғана бөлігі беріледі 

де, басым үлесі екінші торшада қалады. Пайда болған кіші тор-

шаны  бастапқы бағыттаушы немесе полярлық денешік деп 

атайды. Əрі қарай олар екі торшаға бөлі неді де, дамымай қалады. 

Екінші үлкенірек торша ІІ– реттік ооцит деп аталады. Оның 

бөлінуі нəтижесінде тағы да бір кіші торша - екінші бағыттаушы 



денешік, жəне хромосоманың гаплоидты жиынтығымен сипатта-

латын ірі торша пайда болады. Бұл қалыптасқан жыныс торша-



сы (гамета).

Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит 

жұмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жыл-

жи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші - жетілу 



сатысы жүреді. Жұмыртқа торшаға спермийлер ене бастағанда 

ІІ–реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға 

дайын жетілген жұмыртқаға айналады жəне екінші бағыттаушы 

денешік бөледі.

Жұмыртқа басқа торшалар сияқты цитоплазмалық мембра-

намен жабдықталып, торша аралық сұйықпен қоршалған. Торша 

мен осы сұйықтық арасында үздіксіз алмасу процесі жүріп оты-

рады. Бұл процесте белоктар мен фосфолипидтерден құралған 

торша мембранасы маңызды рөл атқарады. Мембрана арқылы 

заттар диффузия, осмос жəне белсенді тасымалдау жолдарымен 

алмасады.

Фолликулалардың өсуі, жетілуі кезінде, овуляция алдында 

жəне одан кейін ұрғашы мал организмінде, əсіресе, оның жыныс 

ағзаларында, айтарлықтай морфологиялық жəне функционалдық 

өзгерістер байқалады. Аналық жыныс бездерінде əркез көпір-

шік тену сатысындағы фолликулалар (Грааф көпіршігі) кездеседі. 

Олар эстрогендер түзеді жəне фолликулалардың өсуімен байла-

нысты бұл процесс күшейе түседі. Эстрогендер қан арқылы дене-

ге тарап, ұрғашы малдың жыныстық айналымын реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет