Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Жыныстық айналым сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет305/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

35-кесте. Жыныстық айналым сипаттамасы

Жануарлар

Жыныстық құбылыстардың

ұзақтығы


Овуляция мерзімі 

(күйлеуге байланысты)

Жыныстық

айналым, күн

Шылымдану

(эструс), күн

 Күйлеу,

 сағат


Сиыр 

Кой,ешкі 

Шошқа

Бие


Коян

20-21


16-17

20-22


21-27

8-9


2-4

2-3


2-3

5-8


3-5

12-24 


24-36 

48-72 


72-144

XX

10-12 сағаттан соң



24-36 сағаттан кейін

36-40 сағаттан кейін

24-36 сағат бұрын

Шағылысқаннан 10 

сағат өткен соң



403

Күйлеу - эстроген гормондарының əсерімен орталық жүйке 

жүйесінің қозғыштығының жоғарылап, организмнің ұрпақтану 

процесіне дайындығын қамтамасыз ететін күрделі процесс. 

Күйлеген сиыр мазасызданып, мөңіреп, азық қабылдамай, 

өнімділігін төмендетеді. Олар бір жерге жиналып, біріне-бірі 

артыла бастайды. Саулықтарда бұл белгілер көмескі байқалады. 

Күйлеген мегежіндер мазасызданып, бір-бірін иіскелеп, басқа 

мегежіндерге артыла бастайды. Күйлеу шарықтаған шақта, 

олар тынышталып, көбіне қимылсыз тұрады, қабанның қасынан 

шықпай қояды.

Күйлеудің бірінші күні жыныс айналымының басы болып 

саналады. Күйлеу сатысының соңында ұрғашы малдың аталық 

малға деген құштарлығы бəсендей бастайды.

Күйлеу сатысында немесе оның соңында фолликулалар жары-

лып, жұмыртқа торша бөлініп шығады (овуляция). Малда овуля-

ция шағылысу процесіне тəуелсіз жүргенімен, шағылысу процесі 

оны шапшаңдатады. Ал, іңгенде, қоянда, мысықта овуляция 

шағылысу нəтижесінде рефлекстік жолмен жүреді. Зертханалық 

кеміруші хайуандарда овуляция тəуелсіз жүргенімен, сары дене 

тек шағылысқаннан кейін ғана іске қосылады.

Өнімтал жануарлар жыныс бездерінде фолликулалар бір 

мезгілде жетілмейді, олар ретсіз (асинхронды) дамиды да, ову-

ляция біраз уақытқа созылады. Мысалы, мегежінде ол күйлеу 

басталған соң, 20–40 сағат бойына созылса, саулықта екі овуля-

ция аралығы 2–6 сағат шамасында болады.

Овуляциядан кейін жыныстық айналымның екінші кезеңі - 

лютеиндік кезең басталады. Бұл кезең сары дененің пайда болып, 

секрет бөлуімен байланысты. Сары дене овуляциядан кейін фол-

ликула торшаларынан түзіледі. Олардың саны овуляция жүрген 

фолликулалар санына байланысты жəне түлік түріне қарай 

өзгеріп отырады.

Сары денеде екі түрлі - ірі жəне майда, лютеоциттер кездеседі. 



Ірі лютеоциттер түйірлі торшалардан, ал майда лютеоциттер 

фолликула тостағаншасының торшаларынан пайда болады. Ову-

ляциядан кейін сары дененің массасы лютеоциттер санының 

көбеюімен емес, олардың мөлшерінің ұлғаюы арқылы өседі.

Сары дене уақытша эндокриндік без қызметін атқарып, қан-

ға прогестерон гормонын бөледі. Бұл гормонның əсерімен жа-

тырдың кілегейлі қабығында ұрықты қабылдауға жəне оны 

қоректендіруге қажетті өзгерістер жүреді: эндометрий эпителийі 

өсіп, көпсиді, жатыр бездері ұрықтың бекуіне жəне қоректенуіне 

қажетті секрет бөле бастайды.




404

Прогестерон əсерімен аналық бездерде жаңа фолликулалардың 

жетілуі толастап, шылымдану жəне күйлеу процестері тоқтайды 

да, жыныстық айналымның теңелу сатысы басталады. Егер мал 

ұрықтанбай қалса, онда сары дене жыныстық айналымның сары 

денесі деп аталып, ол бірте-бірте кішірейіп, түгелдей сорылып 

кетеді де, орнында дəнекер ұлпа торшалары қалады. Малдың 

қоректенуі, күтімі нашарласа, сары дене толық сорылмай, өз 

қызметін атқара береді. Мұндай сары дене кенжелеген немесе 



пресистенттік сары дене, деп аталады. Ол жыныс айналымының 

бұзылуына, малдың көбею қабілетінің жойылуына соқтырады. 

Мал ұрықтанған жағдайда сары дене буаздық сары денесі деп 

аталады. Ол буаздықтың жалғасуын қамтамасыз етіп, малды іш 

тастаудан сақтайды.

Сонымен, жыныстық айналымда қысқа фолликулалық кезең 

ұзақ лютеиндік кезеңмен алмасып отырады. Лютеиндік кезеңде 

жыныстық белсенділік бəсеңсіп, организм буаздыққа немесе 

келесі жыныстық айналымға дайындалады.

Ұрғашы малдың жыныстық қызметіне сыртқы орта жағдайы, 

əсіресе, жыл маусымы мен ауа райы (климат) əсер етеді. Кейбір 

малда (сиыр, шошқа, жылқы, т.б.) жыныстық айналым жыл бойы-

на бірнеше рет қайталанып отырады. Мұндай жануарларды көп 

күйтті (полициклді) деп атайды. Жалғыз күйтті (моноциклді) 

жануарларда (ит, жабайы аңдар) жыныстық айналым жылы-

на 1–2 мəрте ғана қайталанады. Жыныстық айналым жылдың 

белгілі бір маусымында бірнеше рет қайталанып отыратын жа-

нуарларды (қодас, қой, ешкі, бұғы, түйе, қоян) аралас күйтті 

топқа жатқызады. Ал, маусым арасында байқалатын «жыныстық 

теңелу» жағдайын анафродизация деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет