Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет313/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

140-сурет. Спермийдің акросомалық 

реакциялары: 

а - мембрананың реакция 

алдындағы күйі (1-акросома); ə - акросомалық 

жəне плазмалық мембраналардың қосылуы 

– көпіршіктену; б-ішкі мембранадан басқа 

мембраналардың жойылуы

 



412

лады. Бұл күрделі құбы лыс. Оның нəтижесінде мейозды бөгеуші 

əсер тоқтап, ядродағы өзгерістер жұмыртқаның аналық безден 

бөлінген уақытта тоқтаған жерінен əрі қарай жалғасады. Зат ал-

масу процесінің қарқыны жоғарылап, торша мембранасының на-

трий мен калий иондарына деген өтімділігі артады, цитоплазмада 

байланысқан кальций босанады, липидтер синтезі күшейіп, амин 

қышқылдарын, фосфаттарды жəне нуклеотидтерді тасымалдау-

шы жүйелер жанданады, белоктар синтезі артады.

Жұмыртқа торшаның белсенуі нəтижесінде ооплазманың 

сыртқы қабатында өзгерістер жүре бастайды: ооплазма бет 

ке-


йінен қабық ажырап, түйіршіктер бөлінеді де, тіршілік сұйығы 

(перивителдік сұйықтық) түзіледі.

Осы түйіршіктердің бір бөлігі еріп кетеді де, қалған бөлігі 

сарыуыз қабықпен қосылып, “ұрықтану қабығын” түзеді. Осы 

қабық түйіршіктерінің қатысуымен жұмыртқа торша бетінде 

тығыз, біртекті глиалық қабат пайда болады.

Қабықтық реакция нəтижесінде ұрықтанған жұмыртқадан 

осмостық белсенді мукопротеид бөлініп, жұмыртқа қабығы мен 

ооплазма арасында тіршілік сұйығы пайда болады. Бұл процестің 

биологиялық маңызы зор, ол жұмыртқаға спермийдің өтуіне 

мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар тіршілік сұйығы ұрықтың 

жұмыртқа қабығынан шығып кеткенге дейін өсіп-дамуына қажет 

арнаулы орта болып табылады.

Ооплазмаға спермийдің тек бас бөлігі өтеді де, оның ядро-

сы аталық пронуклеуске айналып, аналық торша ядросымен 

қосылады. Осы мезгілден бастап хромосоманың диплоидты 

жиынтығы қайта қалыптасып, спермий мен жұмыртқа бір тор-

141-сурет. Ұрықтану процесіндегі реттілік: 

а – аналық торша; ə – спермийдің мөлдір қабықтан 

өтуі; б – спермийдің ооплазмаға өтуі; в – пронуклеустің 

пайда болуы, екінші реттік денешікті ығыстыруы

г – пронуклеустердің жақындауы; д – хро масомалар-

дың диплоидты жиынтығының қалыптасуы; 1 - мөлдір 

қабық, 2 - сарыуыздық қуыс, 3 - сарыуыз мембранасы



413

шаға - зиготаға (шаранаға) айналады. Зигота екі бластомерге 

бөлінеді де, олардың əрқайсысынан тағы да екі бластомер пайда 

болады.


Ұрықтану нəтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық 

жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, 

сиыр мен қойда 4-5, биеде 5-7 тəуліктен соң жатырға түседі. Зи-

гота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет