Жұмыртқа өздігінен қозғала алмайды. Фолликуладан босан-
өте баяу жылжиды. Жұмыртқа өміршеңдік қабілетін де ұзақ
ге жақын ұшында кездеседі. Осы аталық жəне аналық жы-
сис құбылысымен түсіндіріп келген. (Бұл болжам бойынша
тартады). Қазіргі кезде аталық жəне аналық жыныс торша-
лары кездейсоқ кездеседі деген ұғым қалыптасты. Демек,
411
спермийлердің көп болуы торшалардың кездесу мүмкіндігін
арттырады. Бірақ жұмыртқа бөлген кіші молекулалы заттар
спермийлерді тартпағанымен, олардың қимылын күшейтіп,
қозғалу қабілетінің ұзақ сақталуына ықпал етеді.
Спермий жұмыртқамен жанасқаннан соң аналық торша
қабығына жабысады да, ооплазмаға ене бастайды. Бұл процесс
акросома (масақ) көмегімен онда жүретін күрделі өзгерістердің
(акросомалық реакциялардың) нəтижесінде атқарылады. Спер-
мийлер жұмыртқамен жанасқан соң оның бас бөлігінің плазмалық
жəне сыртқы акросомалық мембраналары бір-бірімен бірнеше
жерден жабысады да, осы жерлерде тесіктер пайда болып, олар
арқылы сыртқа сəулелі желі қабатының фолликулалық торша-
ларын біріктіріп тұрған іркілдек затты ерітетін гиалуронидаза
мен акросомалық протеиназа ферменттері бөлінеді. Осының
нəтижесінде спермийлерге жұмыртқаның меншікті қабығына
- мөлдір қабыққа, жол ашылады. Осыдан кейін жабысқан мем-
браналар көптеген майда көпіршіктерге ыдырап (көпіршіктену
процесі), спермий
теңбіл мембранаға оранып қалады
(140-сурет).
Бұл мембрана спермийдің бас бөлігінде ішкі акросомалық мем-
бранадан, ал құйрық жағында плазмалық мембранадан құралған.
Ішкі акросомалық мембрананың еріткіш ферменттерінің əрекеті
арқасында спермий мөлдір қабықтан өтеді. Одан əрі спермий
жұмыртқаның плазмалық (сарыуыздық) мембранасына бас жа-
ғының бүйір бетімен жабысады. Осыдан кейін спермий құй-
рығының қимылы тиылып, торшалардың плазмалық мембрана-
лары бірігеді де, спермийдің басы ооплазмаға енеді (141-сурет).
Жыныс жолына жаңа ғана бөлінген
спермийлер акросомалық реакция
жүргізе алмайды, демек жұмыртқамен
қосылмайды. Бұл қабілет олар капа-
цитациядан өткеннен соң ғана пайда
болады.
Жыныс торшаларының плазма-
лық мембраналарының қосы
луы
жұмыртқаның “оянуына“ түрткі бо-
Достарыңызбен бөлісу: