мен шошқада - жатырға бөлінеді. Шəует негізінен қынап қабыр-
қатпарларына түседі. Жатырдың мойыны, денесі, мүйіздері
луы нəтижесінде жылжиды. Күйлеу жағдайында жатыр еттерінің
рылуы күшейеді. Осының салдарынан жатырдың пішіні өзгеріп,
арқылы жұмыртқалық жол бойымен жылжиды. Жатыр етінің жи-
ырылуын простагландиндер күшейтеді.
рылады. Алғашқы механизм жыныс жолына енгізілген шəуеттің
кілегейлі қабыққа əсерінен туындайды. Осы себепті қолдан
жатыр еттерінің жиырылуы байқалады. Аталық малды көру не-
408
ры арқылы жатырдың жиырылуын шартты рефлекстік жолмен
күшейтеді.
Жатыр қимылы аналық бездің функционалдық жағдайына
қарай өзгеріп отырады. Аналық бездерінде жетілген фоллику-
лалары бар саулық жатырының бойлама еттерінің жиырылуы
күшейеді. Овуляциядан соң бұл еттердің жиырылуы бəсеңдеп,
сақинаша еттердің жиырылуы күшейеді де, толқынды қимылдар
басталады. Осыдан кейін жатыр еттері босаңсиды да, жатыр
мүйіздері ұзарып, ағза жамбас қуысына қарай ығысады жəне
жатыр мойнының арнасы жабылып, шəует өтпейтіндей қалыпқа
келеді.
Табиғи шағылысу кезінде немесе қолдан ұрықтандырғанда
гипофиздің артқы бөлігінен окситоцин гормоны бөлініп, жатыр
еттерінің жиырылуы жанданады. Шағылысу кезінде кездейсоқ
қолайсыз факторлардың əсерімен мал шошынса, үріксе бүйрек
үсті безінен адреналин бөлініп, ол окситоцин əсерін тежейді де,
жатырдың жиырылуы əлсіреп, ұрықтану мүмкіндігі төмендейді.
Шəует құрамындағы спермийлердің тек қана аз мөлшері
жұмыртқалық жолдың ұшына өзінің ұрықтандырғыш қабілетін
сақтап жетеді. Спермийлер аналық жыныс жолдарымен минуты-
на 2-5 мм жылдамдықпен жылжиды. Шағылысқаннан соң олар
сиырда 2-4, қойда - 6, шошқада - 10-5 минут, ал жылқыда алғашқы
бірнеше секундтар ішінде жатыр мүйіздеріне (жұмыртқалық
жолға) жетеді.
Спермийлер өздерінің бұрандалы қимылдары, жыныс жолда-
ры еттерінің жиырылуы жəне жұмыртқалық жолдың жыбырлағыш
торшаларының қозғалыстарымен қалыптасқан сұйық ағыны
арқылы жылжиды. Ұрықтың белсенді қимылдары тек жатыр мой-
нынан, жатырдың жұмыртқалық жолмен жалғасқан жерлерінен
өткен кезде жəне жұмыртқа мембранасына енерде қажет.
Аналық жыныс жолдарында спермийлер тіршілік қабілетін
бірнеше сағат бойына сақтайды (35-кесте). Оған малдың күйі
үлкен əсер етеді. Мысалы, арық, жұмыстан қажыған биелердің
жыныстық жолында спермийлердің ұрықтандырғыш қабілеті
12-24 сағат қана сақталады, сондықтан мұндай биелер көбінесе
қысыр қалады. Қынап жағдайында да спермийлер тез өледі. Де-
генмен, аналық жыныс жолының кей бөлігінде спермийлер біраз
уақыт өздерінің ұрықтандырғыш қабілетін сақтайды. Жатырлық
ұрықтану типіне жататын жануарларда (жылқы, шошқа) мұндай
қолайлы жағдай жатыр мен оның мүйізінде, ал қынаптық
ұрықтану типіне жататын жануарларда (сиыр, қой) - жатыр мо-
йынында байқалады. Жатырдың кілегейлі қабығы бөлген шырыш
409
спермийлер белсенділігін төмендетсе, фолликула сұйығы оны
жоғарылатады. Овуляция кезінде осы сұйықтық жұмыртқалық
жол арқылы жатырға құйылып, спермийлер қимылының кү-
шеюіне себепкер болады.
Ен қосалқысынан бөлініп шыққан спермийлер жұмыртқа қа-
бығынан өте алатын жəне ұрықтандыратын қабілетке біраз уақыт
аналық жыныс жолдарында болғаннан соң ғана ие болады. Бұл
құбылысты капацитация (латын тілінен аударғанда capacіtus –
қабілеттілік алу деген мағына береді) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: