608
ке леді. Ол алғашқы жауаппен салыстырғанда, құбылмалы келеді,
айқын шоғырланбайды, оған шашыраңқы, жайылмалы сипат тəн.
Функционалдық тұрғыдан соңғы жауап қозу процесінің алғашқы
сезімтал аймақтан ассо циативтік аймаққа таралуын бейнелейді.
Миды біртұтас функционалдық жүйе ретінде зерттеуде
И.П. Пав лов ашқан шартты рефлекстер əдісінің маңызы зор.
Бұл тə
сіл ді қолдану арқылы ми жарты шарлары қыртысында
жүре тін процестерді жануар лар мінезінің ерекшеліктерін зерт-
теуге бо лады.
Ми қыртысының қызметін талдауда кибернетика əдістері де
тиімді пайдаланылады. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет про-
блемаларын математикалық логика негізінде талқылау нəтижесін-
де теориялық неврология саласы қалыптасты. Бұл салада модель-
деу тəсілі де кең қолданылып жүр. Ми қызметінің құпиясын
түсіну үшін оның əрекетін бейнелейтін модельдер жасау тиімді.
Оның нəтижесінде «үйретуші» автоматтар модельдері жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: