Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден



Pdf көрінісі
бет457/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   542
20.5. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден 

айырмалары

Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуа-

лайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл 

енесін емеді, қауыздан жаңа шыққан балапан жем шоқиды,. т.с.с. 

Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, 

ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді.

Шартсыз рефлекстер - белгілі бір түрге тəн рефлекстер. Мы-

салы, барлық мысық қатер төнсе белін бүкірейтіп, пысқырып, 

айбат шегеді, ит - ырылдап үреді т.с.с. Ал, шартты рефлекс жеке 

дараққа тəн рефлекс. Ол өмір тəжірибесі ретінде жинақталады.

Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлім-

дерінің қатысуымен атқарылады. Шартты рефлекс орталық жүйке 

жүйесінің жоғары бөлімдерінің - ми қыртысының, қатысуымен 

атқарылады. Ми қыртысын сылып тастаса, шартты рефлекстер 

жойылады. Жоғарғы сатыда дамыған жануарларда шартты реф-

лекстер үлкен жарты шарлар əрекеті болып табылады.

Шартсыз рефлекстер нақтылы бір рефлекстік өрістің тітір-

ке 


нуімен басталады, оның дайын, өзіндік рефлекстік жолы - 

до ғасы болады. Мысалы, сілекей ауыз қуысының кілегейлі қа-

бығын тітіркендіргенде бөлінеді. Шартты рефлекстердің тұ-

рақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы болмайды. 

Кез келген шартты рефлексті əртүрлі шартты тітіркендіргішке 

қалыптастыруға болады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексі 




612

қоңырау дауысына да, электр шамына да, терінің тітіркенуіне де 

қалыптаса береді.

Шартсыз рефлекстер тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді. 

Шартты рефлекстер өзгермелі, құбылмалы келеді, пайда болып, 

жойылып отырады. Шартты рефлекстерге сигналдық сипат тəн, 

олар туындауға тиісті шартсыз рефлекстердің алдын алып оты-

рады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет