Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Шартты рефлекстер жəне олардың түрлері



Pdf көрінісі
бет456/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20.4. Шартты рефлекстер жəне олардың түрлері

И. М. Сеченовке дейінгі физиолог ғалымдар рефлексті тек 

жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері қызметімен ғана байланыс-

ты деп есептеп келген. Тек И. М. Сеченов қана психикалық 

əрекеттерді мидың жоғары бөлімдерінің қызметімен байланыс-

ты деп санап, оған физиологиялық талдау жасауға алғаш қадам 

жасады. Ол өзінің 1863 жылы жарық көрген «Ми рефлекстері» 

атты еңбегімен одан кейінгі жұмыстарында психикалық əрекет-

тердің негізінде рефлекс жататынын дəлелдеді. Орталық жүйке 

жүйесінде тежелу процесінің орын тебетінін ашып, мидың 

рефлекстік қызметінің күшейіп жəне əлсіреп отыратын кездерін 

физиологиялық тұрғыдан дəлелдеді.

И. М. Сеченов еңбектерін басшылыққа ала отырып, ми фи-

зиологиясы жайлы ілімнің негізін И. П. Павлов жасады. Үлкен 

жарты шарлар қыртысының қызметін зерттеуді ол сілекейдің 

бөлінуін бақылаудан бастап, сілекейдің тек мал азық қабылдаған 

кезде ғана емес, ол азықты көрген, оның иісін сезген, ыдыс-аяқ 

салдыраған кезде де бөлінетініне көңіл аударған. Бұл құбылысты 

ол  «психикалық секреция» деп атап, оған рефлекстік сипат тəн 

екенін дəлелдеген. И. П. Павлов психикалық секрецияның 

тым өзгергіштігін, кейде байқалып, кейде жойылып кететінін 

аңғарған. Сол себепті мұндай рефлекстерді ол шартты рефлекс 

деп атаған жəне оны үлкен ми жарты шарлары əрекетінің көрінісі 

ретінде санаған. И. П. Павлов пен оның шəкірттерінің еңбектері 




609

нəтижесінде шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстер негізінде 

қалыптасатыны дəлелденді.

Ми қыртысының шартты рефлекстік əрекеті атқарушы орган-

дар (бұлшық ет, без, т.б.) қызметін тікелей өзгертпейді. Ол орталық 

жүйке жүйесінің төменгі бөлімдерінің шартсыз рефлекстерді 

қамтамасыз ететін құрылымдары арқылы атқарылады. Шартсыз 

рефлекстер организмге тікелей əсер ететін тітіркендіргіштің сал-

дарынан туындайды, сондықтан олар орта жағдайына бейімделу 

процесін қамтамасыз ете алмайды. Егер мал тек ауызына түскен 

азықты ғана қабылдап, оны іздеп табу қабілетінен айырылып 

қалса, ол аштан өлген болар еді. Азықтың түрі, иісі шартты 

тітіркендіргіш рөлін атқарады да, оны іздеп табуға, қабылдауға се-

бепкер болады. Демек, тіршілік барысында жануарларда нақтылы 

бір реакцияны тудыратын əртүрлішартты сигналдарды ажырата 

білу қабілеті қалыптасады. Осы сигналдарды сезіну нəтижесінде 

организм тітіркендіргіш əсеріне алдын ала дайындала бастайды, 

сыртқы ортаның əртүрлі факторларын талдап, өзінің бейімделу 

реакцияларын нақыштап, кеңейтіп, жетілдіріп отырады. Шартты 

рефлекстер арқылы жануар тəжірибе жинақтайды, қорек табады, 

жауларынан сақтанады, əртүрлі жағымсыз əсерлерден қорғанады. 

Сондықтан шартты рефлекстердің биологиялық маңызы өте зор.

Шартты рефлекс - белгілі бір əрекет тудыратын үйреншікті 

тітіркендіргіштің белгілерінен, басқаша айтқанда, шартты тітір-

кендіргіш əсерінен туындайтын рефлекстік əрекет. Демек, кез 

келген  шартты рефлекс мидағы шартты тітіркендіргіш ана-



лизаторының орталығы мен шартсыз рефлекс доғасының 

орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың пайда бо-

луының нəтижесі болып табылады. 

Қалыптасу механизмі бірдей болғанымен, шартты рефлекс-

тер шартты сигналдар мен шартсыз тітіркендіргіштер сипа-

тына, сыртқы орта мен организм арасындағы қатынастарға 

байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Шартты рефлекстің ең 

қарапайым түрі - бірінші реттік шартты рефлекс болып табы-

лады. Ол шартсыз рефлекс негізінде пайда болады. Бұл жағдайда 

шартты тітіркендіргіш (мысалы, қоңырау даусы) шартсыз 

тітіркендіргіштің (азық т.б.) алдын алады.

Бірінші реттік шартты рефлекстер табиғатта өте кең тараған. 

Олар жануарлардың табиғи шартты рефлекстік əрекетімен сипат-

талады. Көп жағдайда шартты сигнал шартсыз тітіркендіргішпен 

тікелей ұштаспай, тітіркендіргіштер жиынтығының бастапқы 

буынының рөлін атқарып, шартсыз тітіркендіргіш бірнеше сиг-

39–888



610

налдан кейін ғана əсер етеді. Мұндай жағдайда жоғары реттік 



шартты рефлекстер пайда болады.

Жануарлардың жауын көргенде қаша жөнелуі бірінші рет-

тік шартты қорғаныстық рефлекс болып табылады. Бірақ қор-

ғаныстық шартты рефлекстер жыртқыш көрінгенде ғана емес, 

оның иісіне, дыбысына, т.б. белгілеріне қалыптасады. Бұл жағ-

дайда жыртқыш бейнесі болашақ ауырсыну түйсігінің хабаршы-

сы болғанымен, ол тек аралық сигнал болып табылады да, алшақ 

иістік, дыбыстық белгілердің дəлелді сигналы рөлін атқарады. 

Кей жағдайда жыртқыштың иісінен, дыбысынан бұрын майда 

жануарлардың қаша бастауы иісі сезілмеген, дыбысы естілмеген 

жыртқыштың жақындағаны жайлы шартты белгі болады да, 

шартты қорғаныстық рефлекс тудырады.

Жоғары сатыда дамыған жануарларда үшінші реттік, маймыл-

да төртінші реттік, адамдарда жетінші-тоғызыншы реттік шарт-

ты рефлекстер қалыптастыруға болады. Шартты рефлекс реті 

жоғарылаған сайын оның жасырын кезеңі ұзара түседі де, күші 

азаяды.

Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер арасындағы уа қытша 

байланыс сипатына қарай шартты рефлекстер қапталдас 

қан 


жəне іздік болып бөлінеді. Қапталдасқан  шартты  реф лекс тер 

қарапайым келеді де, оңайырақ қалыптасады. Бұл реф  лекс терді 

қалыптастырғанда шартсыз тітіркендіргішке шаты тітір кендіргіш 

қапталдаса, қатар əсер етеді. Бұл жағдайда уа қытша байланыс 

қатар қозған екі орталық арасында пайда болады.

Іздік шартты рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз 

тітіркендіргіш шартты тітіркендіргіштің əсері тиылғаннан кейін 

əсер етеді. Бұл жағдайда уақытша байланыс шартсыз рефлекс 

орталығы мен қозу процесі өше бастаған шартты тітіркендіргіш 

анализаторы орталығының арасында пайда болады.

Жануарлар дүниесінде кең тараған жəне физиологиялық 

тұрғыдан өте маңызды рефлекстің бірі - мерзімдік шартты реф-

лекс. Бұл рефлекстің шартты сигналы мерзім аралығы болып табы-

лады. Ол шартсыз əрекет нақтылы бір мерзімнен кейін қайталанып 

отырған жағдайда пайда болады. Белгілі тəртіппен өмір сүретін 

адамдардың мінезіндегі дағдыға айналған əрекеттердің (белгілі 

мезгілде ояну, ас қабылдау, т.с.с) физиологиялық негізінде осы 

құбылыс жатады.

Сигналдық тітіркендіргіш сипатына қарай шартты рефлек-

стер табиғи жəне жасанды болып бөлінеді. Табиғи шартты 



рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің табиғи белгілеріне 


611

қалыптасады. Мысалы, еттің иісіне, түріне, т.с.с. Жасанды шарт-



ты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің алдын алған бей-

тарап сигналдарға пайда болады. Мысалы, жануарларда шарт ты 

қоректену рефлекстерін метроном дыбысына, қоңырау дауысы на, 

электр шамына, т.с.с. қалыптастыруға болады. Табиғи рефлекс тер 

өте жылдам қалыптасады жəне ұзақ сақталады.

Шартты рефлекстер өздеріне негіз болған шартсыз рефлекс-

тер табиғатына қарай қоректік, жыныстық, қорғаныстық (сақ-

та ну),  т.б. болып жіктеледі. Шартты сигналдарды қабылдайтын 

ана лизаторлар табиғатына қарай олар бейнелік, дыбыстық, иіс-



тік, т.с.с. болып бөлінеді. Рецепторлар табиғатына қарай шарт-

ты рефлекстер экстерорецептивтік (сыртқы рецепторларды 

тітіркендіргенде қалыптасатын) жəне интерорецептивтік (іш-

кі рецепторларды тітіркендіргенде қалыптасатын) болып та 

бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет