үйрену мен ойлау жатады.
Таксис - төменгі сатыдағы жануарларға тəн организм мен
сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін əрекеттің қарапайым
түрі. Эволюцияның жоғары сатысында таксистің маңызы тө мен-
деп, оны бейімделу механизмінің əлдеқайда жетілген түрлері ал-
мастырады. Таксистер ортаның кейбір факторларына бағытталу,
бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис əсерге авто-
матты жауап ретінде қайырылған қарапайым қозғалыс - қимыл
түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі əрекеттің
бір элементі болып шығады.
Рефлекс те бейімделу əрекетінің бір түрі. Бұл жерде шартсыз
рефлекстік реакция жануарлар дүниесіндегі бейімделудің негізгі
құралы ретінде қаралады.
Инстинкт - туа біткен мінез-қылықтың жоғары, күрделі түрі.
41–888
642
Ол организмнің сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштер өзгерістеріне
жауабы ретінде тарихи даму барысында пайда болған күрделі
мінез-қылықтық əрекеті, түрдің нақты тіршілік жағдайларына
бейімделу формасы. Сондықтан инстинкт түрдің сақталуын
жəне дамуын қамтамасыз етеді. Айта кетер жайт, тіршіліктің тек
алғашқы сатыларында ғана шартсыз рефлекстік реакциялар таза
күйінде кездеседі, кейінірек оларға көптеген шартты рефлекстер
қабаттасып кетеді.
Сонымен, жануарларда тарихи даму барысында сыртқы
ортаның салыстырмалы тұрақты жəне мезгіл-мезгіл қайталанып
отыратын жағдайларына бейімделу нəтижесінде тұқым қуалайтын
туа біткен мінез-қылықтық əрекеттер қалыптасады. Осымен қатар
сыртқы ортаның құбылмалы, тұрақсыз жағдайларына бейімделу
барысында жүре қалыптасқан мінез-қылықтық əрекеттер де пай-
да болды. Мінез-қылықтың бұл түрі үйрену нəтижесінде пайда
болады.
Үйрену - жеке дарақтарда өткен тəжірибені ескере отырып
жаңа бейімделу реакцияларын қалыптастыруға, тиімсіз реакция-
лар ды жоюға бағытталған процесс. Үйрену нəтижесінде жануар-
дың мінез-қылықтық əрекеті оралымды, бейімделгіш сипат ала-
ды. И. П. Павлов зерттеулеріне сəйкес үйренудің негізінде шартты
рефлекстердің қалыптасу механизмі жатады.
Жүре пайда болған мінез-қылықтық əрекеттің ең жақсы зерт-
телген түрі - шартты рефлекстер. Үйрену нəтижесінде клас-
сикалық шартты рефлекс жəне операнттық шартты реф лекс
қалыптасады. Үйренудің алғашқы түрінде шартты сиг налға жа-
нуар шартсыз рефлекстермен, ал екінші түрінде қимыл-əрекетпен
жауап береді. Үйренудің аталған екі түрі де ассоциациялық үйрену
(жинақталған тəжірибе) болып табылады, себебі олар мида
уақытша байланыстың пайда болуының нəтижесінде атқарылады.
Машықтану, латенттік үйрену, еліктеу, импритинг үйренудің
ассоциациялық емес түріне жатады. Бұл жағдайларда мида
кейінірек қайта жаңғыртылатын естік із қалады, ассоциациялық
байланыстар түзілмейді.
Машықтану - шартсыз бағдарлау рефлекстерін қалыптасты-
ру, залалсыз бөгде нысандарға реакция анықтау нəтижесінде
атқарылады. Бүркенші (латенттік) үйрену - жануарлар есінде
өткен оқиғалардан қалған немесе оларға ұқсас не таныс оқиғалар
қайталанғанда жаңғыратын із. Еліктеу - басқаның іс-əрекетін
қайталау арқылы тіршіліктік маңызы зор əрекеттерге дағдылану
(балапандар - дыбыс шығаруға, сайрауға, төл – жайылуға, т.с.с.).
643
Импритинг (есте қалдыру) - үйренудің ерекше түрі, ол дара
дамудың ең алғашқы сатыларында байқалады, ұзақ жəне берік
сақталады. Мысал ретінде жаңа туған төлдің немесе қауыздан жаңа
шыққан балапанның енесінің артынан, ол болмаса қимылдаған
заттың соңынан еріп жүруін айтуға болады. Импритинг арқылы
жануар өмірінің белгілі бір кезінде сыртқы орта нысандарымен
байланыс қалыптастырады. Демек, импритинг жануардың мінез-
қылықтық əрекетінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ол
арқылы қажетті заттар мен құбылыстар есте сақталады.
Есте қалдыру механизмі жайлы əлі күнге дейін тиянақты
пікір жоқ. Кейбір зерттеушілер (А. Г. Понугаева, 1973) оны естің
ерте дамыған түрі деп түсіндірсе, басқа ғалымдар (А. Г. Воро-
нин, 1969) оны жинақталған рефлекстерге сенсибилизация (се-
зім талдықтың жоғарылауы) процесіне негізделген үйренудің қа-
рапайым түрі деп санайды.
Жүре қалыптасқан мінез-қылықтық əрекеттің ең күрделі түрі
- инсайт (зеректік), түсінуге негізделген ақылды əрекеттердің
нышаны. Инсайт көбінесе жоғары сатыда дамыған приматтарда
байқалады. Мысал ретінде жануарлардың қарапайым құралды
пайдалануы, қара құстың тасбақаның қабығын биіктен тастап
жаруы, т.б. келтіруге болады. Кейде жануарлар бірнеше рет
қайталанған сəтсіз əрекеттен кейін, аз үзіліс жасап, кенет өз
əрекетінің сипатын өзгертеді де, мақсатты əрекетті орындаудың
дұрыс шешімін табады.
Үй жануарларында мінез-қылықтық əрекеттің бірнеше түрі
болады. Олар метаболиттік (қоректік), комфорттық, қорғаныстық,
үйірлік (топтық), жыныстық, ұрпақ қорғау (ата-енелік), зерттеу
əрекеттері, т.б. болып жіктеледі.
Қоректік мінез-қылық деп жануардың азықты іздеп, қа был-
дап, организмдегі метаболиттік гомеостазды сақтауға бағыт-
талған белсенділігін айтады. Бұл түсінікке азық пен суды əр-
түрлі бағып-күту жағдайында қабылдау шапшаңдығы, шайнау
мерзімін реттейтін механизмдер, зəр мен нəжісті бөліп шығару
жəне олардың тəуліктік сипаты жатады. Ас қорыту жолындағы
метаболиттік ауытқулар мен механикалық өзгерістер əсерінен
қоректік қажеттілік пайда болып, гипоталамус арқылы өздігінен
реттеу тетіктері іске қосылады. Бұл организм гомеостазын уа-
қытша эндогендік реакциялар арқылы (қоректік заттарды қой-
маларынан шығару жəне оларды тарату) сақтауға мүмкіндік
ту ғызады. Бірақ бұл жолдың мүмкіндігі шектеулі ғана болады,
сондықтан ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдерінде қоректену мотивация-
644
сы туындайды да, өзіндік реттеу тетігінің сыртқы механизмі іске
қосылады. Осының нəтижесінде азық қабылданып, организмнің
қоректік қоры толықтырылады да, гомеостаздың ауытқыған
көрсеткіштері қалпына келтіріледі.
Комфорттық мінез-қылық жануардың өзіне тиімді тіршілік
жағдайын туғызуға бағытталған реакцияларымен сипатталады.
Көбінесе, ол дене жылуын реттеу əрекеттерімен (оқшаулану,
қолайлы жер іздеу, жылу түзуді жəне жылу бөлуді күшейту
не əлсірету) байланысты. Осы əрекеттерге қоршаған орта
ылғалдығының, ауаның газдық құрылымының, т.б. ауытқуларына
байланысты туындайтын реакциялар да жатады.
Сақтық мінез-қылық енжар (пассивті) жəне белсенді (активті)
болып бөлінеді. Енжар сақтану жануардың əрекетсіз, қимылсыз
тұрып қалуымен сипатталады. Кейбір жануарлар қатерлі сəтте
бытырай қашып, тығылып қалады. Қимылсыз қалшиып қалу не-
месе тығылу сыртқы тежелумен байланысты (А. Крушинский,
1943).
Белсенді қорғану реакциясы кезінде жануар өзінің кейпін
өзгертеді, айбат шегеді. Мысалы, жылқы құлағын жымитып,
осқырынады, жерді тарпиды, тістеуге, тебуге ыңғайланады. Бұқа
алдыңғы аяқтарымен жерді тарпып, өкіріп, жақындаған адам мен
малды сүзуге ыңғайланады. Қорғаныстық əрекеттер көбінесе
үйірдегі жеке дарақтардың арақатынасын анықтау кезінде
байқалады.
Мінез-қылықтың қалыптасуында бағдарлау реакциялары
да маңызды рөл атқарады. Жануар белгісіз, бұрын таныс емес
беймəлім жағдайға кездескенде жан-жағына қарап, жерді, өз дерін
қоршаған заттарды иіскелеп, дыбыстарды тыңдап, бағдарлау
нəтижесінде белгілі əрекет атқарады. Бағдарлау реакциялары,
əсіресе, жас төл өмірінде маңызды рөл атқарады. Жас төлге
зерттеу əрекеті де тəн. Оның арқасында шартты рефлекстер
қалыптасады, жануардың мінез-қылықтық əрекеті жетіледі.
Бір түлік өкілдерінің үйірдегі (табындағы, отардағы, келедегі)
өзара қатынасын тобырлық мінез-қылық анықтайды. Жануар-
лардың өзара шайқасынан кейін топ бастаушылар анықталады,
əлсіз, жасқаншақ, қорқақтар топтан шеттетіледі, топта деңгейлік
(иерархиялық) үстемдік қалыптасады. Осыған байланысты жай-
ылып жүргенде немесе тыныстаған кезде жеке дарақтар арасын-
да белгілі алшақтық сақталады, үйір тəртіппен реттілік сақтай
отырып қозғалады.
|