Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет474/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

637

236-с

урет

. Функциона

лдық жүйенің с

х

ем

асы




638

ция,  биологиялық мұқтаждық, 4-ұзақ мерзімдік ес механизмі. 

Аталған компоненттер үш түрлі нейродинамикалық механизм-

нің - бағдарлау-зерттеу реакциясының, қозудың нейрондарға 



то  ғысуының  жəне қыртыс-қыртыс асты реверберацияның ар-

қа сын да өзара əрекеттеседі. Осының нəтижесінде нақтылы жағ-

дайға сəйкес келетін іс-əрекет анықталып, əртүрлі əрекет жолы-

ның ең қолайлысы, ең тиімдісі таңдалып, шешім қабылданады.



Афференттік синтез ми қыртысының сигналдар келіп түс-

кен барлық орталықтарында жүреді. Жануарларда бұл - еріксіз, 

санасыз акт. Ол əрекет еркіндігін шектейді. Афференттік син-

тез жүргізетін құрылымдардан жүйке импульстері белгілі бір 

орталықтарға (қозғағыш) бағытталады да, бұлшық ет тонусы 

өзгереді, белгілі бір қимыл дайындалады.



Шешім қабылдау - кез келген əрекетті орындаудың маңызды 

сатысы. Шешім қабылдау негізінде болашақ əрекеттің мақсаты 

айқындалып, бағдарламасы белгіленеді. Бағдарлама негізінде 

екі түрлі нəрсе анықталады: 1. Əрекетті тудыратын атқарушы 

мү шелерге бағытталған бұйрықтардың эфференттік жүйесі. 

2. Болашақ əрекет нəтижелерін қадағалайтын арнаулы құры-

лым - əрекет нəтижесінің акцепторы. Демек, əрекеттің моделі 

жұ мыстың атқарылуынан, оның нəтижелерінен көп бұрын қа-

лыптасады.

Əрекет барысы, оның нəтижелерінің жоспарға, бағдарламаға 

сəйкестігі акцептордан кері афферентациялау нəтижесінде ат-

қа рылады.  Кері афферентация арнайы рецепциялық арна-

лар арқылы жүзеге асырылады. Əрекет нəтижелері жайлы кері 

жеткізілген мəліметтер олардың жоспарланған моделімен са-

лыс тырылады. Егер параметрлер бір-бірімен сəйкес келсе, 

организмнің бұл əрекеті аяқталады, ал сəйкестік болмаған жағ-

дайда жаңа эф фе ренттік бағдарлама құрылады да, əрекет қайта 

басталады. Процесс афференттік синтезде қойылған мақсат 

орындалғанға дейін қайталана береді.

Жануарлар əрекетін, олардың белсенділігін нақтылы бір 

қажеттілік тудырады. Ал енді осы қажеттілікті қанағаттандыруға 

бағытталған организмнің ерекше күшін мотив деп атайды. Ол 

мидың белгілі құрылымдары белсенділігінің өзгеруімен байла-

нысты қалыптасады да, оның биологиялық қажеттілігі (қоректік, 

жыныстық, т.б.) қанағаттандырылады.

Организмнің ішкі ортасындағы биохимиялық өзгерістер мен 

сыртқы əсерлер орталық хеморецепторлар арқылы қозу процесіне 

айналып, гипоталамустың арнаулы мотивтік орталықтарының 




639

белсенділігін күшейтеді. Бұл орталықтардан қозу импульсі 

лимбикалық жүйеге, торлы құрылымға жəне ми қыртысына та-

райды да, мақсатты мінез-қылықтық əрекеттің бағдарламасы 

пайда болады. Мотивтік қозу мидан естің энграммасын (естік із) 

тауып, организмнің эндокриндік статусын өзгертеді, мидың эмо-

циямен байланысты құрылымдарының белсенділігін арттырады.

Эмоция - малдың əртүрлі сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіш-

терге рахаттану немесе жеру, үрей, қуаныш, т.б. түрінде бейне-

ленетін субъективті реакциясы. Эмоциялар əрекет нəтижесінің 

акцепторында əрекет нəтижесі мен көзделген мақсатты əре-

кетті салыстыру негізінде қалыптасады. Бағдарлама мен əре-

кет нəтижесі сəйкес болса оң, ал сəйкес келмесе, теріс эмоция, 

нəтижеге қанағаттанбаушылық туындайды. Эмоциялар лим-

бикалық жүйе құрылымдарында (гиппокампта) жəне гипотала-

муста қалыптасады. Оларға жаңа қыртыстың маңдай бөлігінің де 

қатысы болады.

Эмоцияның биологиялық маңызы оның сигналдық жəне рет-

теуші қызметінде. Сигналдық мəні арқылы ол белгілі бір əсердің 

пайдалы немесе зиянды екенін, орындалған əрекеттің табыс-

ты немесе табыссыз екенін білдіре алады. Осыдан барып орга-

низм өзіне тиімді бейімделу реакцияларын ұйымдастырады. 

Эмоцияның реттеуші мəні негізінде пайда болған қажеттілікті 

қанағаттандыруға бағытталған белсенділік қалыптасады жəне 

тітіркендіргіш əсерін күшейтуге немесе əлсіретуге мүмкіндік 

бе 

ретін, организмнің сыртқы ортаның өзгерген жағдайына бе-



й ім делуін қамтамасыз ететін əрекеттер жүзеге асырылады. Қа-

жеттілік өтелсе, оң эмоциялар, өтелмесе, теріс эмоциялар туын-

дайды.

Эмоцияның қарапайым жəне күрделі түрлері болады. Қара-



пайым эмоция адам мен жануарлардың табиғи қажеттілігімен бай-

ланысты туындайды. Мысалы, гомеостаздық эмоция ашығудан

шөл деуден, т.б. туындап, ішкі орта тұрақтылығын сақтауға ба-

ғыт  талған мазасыздану, іздену, қимыл-əрекеттің күшеюі тү рін де 

бейнеленеді.  Инстинктік эмоция жыныстық, қорғану, т.б. əре-

кеттік реакциялар түрінде байқалады. Күрделі эмоция адамға ғана 

тəн, ол əлеуметтік қажеттіліктердің (интелектуалдық, моральдық, 

эстетикалық, т.б.) өтелуімен байланысты туындайды.

Эмоцияны қалыптастыруда, реттеуде лимбикалық жүйе құ-

рылымдары (гиппокамп), гипоталамус, ми қыртысының маң-

дайлық бөлімі маңызды рөл атқарады. Ми қыртысының маң-

дайлық бөлімін алып тастау немесе зақымдау эмоциялық күйдің 




640

төмендеуін тудырады. Ал эмоцияның өзі жануарлар мен адамның 

орта жағдайларының өзгерістеріне бейімделу процестерін ұйым-

дастыруда маңызды рөл атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет