Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет484/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   542
238-сурет. Көздің құрылысы: 

1 - ақ қа-

бық, 2 - қасаң қабық, 3 - көздің алдыңғы 

ка мерасы, 4 - нұрлы қабық, 5 - қарашық

6 - көздің артқы камерасы, 7 - кірпікшелі 

дене, 8 - көз бұршағы, 9 - циннов байламы, 

10 - тамырлы қабық, 11 - шыны тəрізді дене, 

12 - торлы қабық, 13 - орталық ойыс (сары 

дақ), 14 - көру осі, 15 - оптикалық ось,16 

- соқыр дақ, 17 - көру жүйкесі, 18 - көздің 

сіңірі, 19-конъюктива (шырышты қабық)



653

Қасаң қабық пен қарашықтың арасындағы қуысты көздің 



алдыңғы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы 

қуысты артқы камера деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйық 

-  шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағы артында 

жатқан қуысын шыны тəрізді дене деп аталатын түссіз мөлдір 

қоймалжың сұйық зат толтырып тұрады.

Жоғарыда аталған құрылымдар қасаң қабық, шылауық, көз 

бұршағы жəне шыны тəрізді дене, көздің оптикалық немесе 

сындырушы жүйесі деп аталады. Оптикалық жүйе, əсіресе, көз 

бұршағы, аккомодация процесін қамтамасыз етеді (240-сурет). 



Аккомодация деп көздің əртүрлі қашықтықтан айқын көруге 

бейімделуін айтады.

Əдетте, көз алыстағы заттарды жақсы көретіндей күйде бо-

лады. Сондықтан алыстағы нысандар кескіні оптикалық жүйеде 

сынғаннан кейін торлы қабыққа дəл түседі, ал жақын орналасқан 

нысандар бейнесі торлы қабықтан өтіп барып кескін беруге тиіс. 

Бірақ аккомодация құбылысының арқасында көз жақындағы 

нəрселерді де дəл жəне айқын көретіндей болып өзгереді.

Аккомадация құбылысы көз бұршағының дөңес бетінің 

үлкеюімен, демек оның жарық сындыру қасиетінің күшеюімен 

байланысты. Көз бұршағын қоршаған қабықты байламдар керіп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет