649
цептор лар тітіркендіргішпен тікелей жанаспай-ақ алшақтан
қозады. Олар ға иіс, көру, есту талдағыштары жатады.
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратын интеро-
(ішкі) жəне проприорецепторлар (бұлшық ет, сіңір рецепторлары)
құрайды. Ішкі анализаторлар организмнің ішкі ортасы мен ішкі
органдарынан жеткен сигналдарды қабылдап, талдауға арналған.
Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
Эволюциялық даму процесінде əрбір талдағыш тітір
кен-
дір гіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген. Дегенмен,
барлық
талдағыштарға тəн ортақ қасиеттер де болады. Олар
мына төмендегілер.
Жоғары сезімталдық. Талдағыштардың қозу табалдырығы
тө мен болады. Олардың рецепциялық аппараты үйреншікті ті-
тіркендіргіштер əсеріне өте сезімтал, сондықтан оңай қозады.
Анализаторлардың келесі қасиеті - телімділік, талғамдылық,
тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейімділік.
Əрбір анализатор рецепторы белгілі бір энергия түрінде ғана
жауап береді. Көру анализаторы үшін адекватты тітіркендіргіш
- сəуле, есту анализаторы үшін - дыбыс толқыны, т.с.с. болып
табылады. Бірақ анализаторларда қозу өте күшті инадекваттық
тітіркендіргіштер əсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда
түйсік əлсіз, солғын, көмескі болады. Мысалы, көздің торлы
қабығын немесе көру жүйкесін механикалық жолмен тітіркендіру
арқылы жарық түйсігін туындатуға болады.
Анализаторларға реактивтілік (əсерлілік) қасиет тəн. Қозу
процесі туындап үлгермей тұрып-ақ анализатор тітіркендіргішке
өзінің функционалдық күйін өзгертумен жауап береді.
Анализаторлар созылыңқы, ұзаққа созылған тітіркендіргіш-
тер əсерін қабылдауға бейім болады. Сезім мүшесінің рецептор-
лары тітіркендіргіш əсері тоқтағанға дейін орталыққа сигнал-
дар жібере береді. Бұл қасиеттің арқасында анализаторлар əсер
мерзімінің ұзақтығы, оның жалғасуы жайлы ақпарат алады.
Анализаторларға сенсибилизация қасиеті тəн. Тітіркендіргіш
əсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта
түседі, олардың қайталанған əсерді қабылдау қабілеті күшейеді.
Сезім мүшелеріне тітіркендіргіш күшіне бейімделу қасиеті
тəн. Мысалы, көру мүшесі қараңғылыққа, есту мүшесі түрлі
дыбысқа, иіс мүшесі иістерге бейімделе алады. Тітіркендіргіш
əсерінің басында рецепторлар күштірек қозады да, соңынан
олардың қозғыштығы қажымай-ақ біртіндеп төмендей бастай-
ды, бірақ олардың сезімталдығы шапшаң қалпына келеді. Сезім
650
мүшелерінің бейімделгіш қасиеті тітіркендіргіш күші мен оның
əсер ететін мерзімінің ұзақтығына байланысты. Тітіркендіргіш
күші зор болса, бейімделу шапшаң жүреді. Адаптация қасиеті
барлық анализаторда бірдей дəрежеде байқалмайды. Тітір
кен-
діргіш сипатына тері рецепторлары шапшаң, ал ішкі ағзалар ре-
цепторлары баяу бейімделеді.
Талдағыштарға контрастық құбылыс тəн. Нақтылы жағдай ға
байланысты кез келген түйсік күші əртүрлі болып сезілуі мүм-
кін. Мысалы, толық тыныштық жағдайында əлсіз дыбыстың өзі
күшті естіледі.
Анализаторларға түйсік ізін сақтау қасиеті тəн. Белгілі бір
түйсік тітіркендіргіш əсері (заттың бейнесі, əуен) тиылғаннан
кейін де біраз уақыт жалғасады. Демек, үзілмелі тітіркендіргіштер
үздіксіз түйсік тудырады. Мысалы, жарқ еткен сəуле оның əсері
тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: