Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Талдағыштарды зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет482/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.2. Талдағыштарды зерттеу əдістері

И. М. Сеченов пен И. П. Павлов зерттеулеріне дейін сезім 

мүшелері жайлы ілім көбінесе, түйсік пен елес жайлы субъективтік 

бақылауға негізделген болатын. Физиологияда сезім мүшелерінің 

қызметін зерттеудің объективті əдістері болмады. Қазіргі кезде 

талдағыштар қызметін зерттеу мақсатында шартты рефлекстер 

əдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін арнаулы жағдайда жану-

арларда тітіркендіргіштің əртүрлі күшіне шартты рефлекстер 

қалыптастырылып, тəжірибедегі жануарлардың оларды ажыра-

та алатын қабілеті тексеріледі. Жинақталған деректер негізінде 

сезім мүшелерінің функционалдық күйі жайлы қорытынды жа-

сайды.


Талдағыштарды тітіркендіру нəтижесінде туындаған ве-

ге 


 

тативтік реакцияларды (тыныстық, қан айналымының өз-

ге   ріс  терін)  зерттеу  арқылы  маңызды  деректер  жинақтауға 

бо  лады.  Хирургиялық операциялар жасап, талдағыштардың əр-

түр  лі бөлімдерін  сылып  тастау,  электрофизиологиялық əдісті 

қол  данып, олардың жеке бөлімдерінде пайда болған биотоктың 

сипатын зерттеу арқылы да көптеген мағлұматтар жинақталған. 

Талдағыштар қызметін зерттегенде олардың қарапайым жануар-

лардан бастап, жоғары сатыдағы жануарларға тəн құрылымдық 

жəне қызмет ерекшеліктерін эволюциялық принцип негізінде 

бақылауға мүмкіндік беретін салыстырмалы физиологиялық 

əдіс те кеңінен қолданылады. Клиникалық (жануарларды ба-

қылау),  патоморфологиялық (анализатор қызметінде ауытқулар 




651

байқалған жануарды өлгеннен соң сойып, зерттеу) əдістері де 

құнды мағұлыматтар жинақтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары анализаторларды зерттеу үшін нейро ди-



намикалық əдіс қолданылып жүр. Бұл əдіс күші, əсер мерзімі 

мен аумағы, градиенті жағынан дəл мөлшерленген адекват-

ты немесе инадекватты тітіркендіргіштерге торшалық жəне 

жүйкелік деңгейде жауап ретінде туындайтын процестердің 

микроинтервалдық анализі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет