77
19-сурет. Экстрасистола
Жүректегі биоэлектрлік құбылыс. Жүрек еттері қозу тол-
қынымен бір мезгілде қамтылмайды. Жүректің бір бөлігінде қо-
зу пайда болғанда, басқа бөлігі тыныштық жағдайында болады.
Электрлік физиология заңдылықтарына сəйкес кез келген ұл-
паның қозған торшалары мембранасының сыртқы бетінде теріс
(–) заряд пайда болады да, тыныштықтағы торшаларда оң заряд (+)
сақталады. Демек, органның қозған жəне қозбаған бөлімдерінің
арасында потенциалдар айырмасы туындайды. Осы учаскелерді
тізбектеп қоссақ, биотоктың пайда болғанын байқаймыз.
Біз жоғарыда жүрек еттеріндегі қозу толқынының таралу
заңдылықтарымен танысып өттік. Жүрекше еттері қозу тол қы-
ны
мен қамтылған кезде, қарынша еті тыныштық жағдай
ында
болатынын айттық. Ал қозу толқыны қарыншаны қамтығанда,
жүрекшеде тыныштық жайлайды. Осыдан жүректің жұмысы
кезінде жүрек еттерінде əрекет потенциалы пайда болады.
Жүректе пайда болған əрекет потенциалы бүкіл денеге та-
райды, сондықтан арнайы сезімтал аспаптарды пайдалана оты-
рып осы потенциалдар толқынын қисық сызық бейнесінде жа-
зып алуға болады. Жүрек еттеріндегі биоэлектрлік құбылысты
зерттейтін əдісті электрокардиография, биотоктарды зерттеуде
қолданылатын аспапты - электрокардиограф, ал биотоктарды
бейнелейтін қисық сызықты - электрокардиограмма деп атай-
ды. Электрокардиограммада 5 кертпеш байқалады (20-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |