79
Ток тартудың басқа да əдістері болады. Мысалы, сагитальды
жүйемен тарту. Бұл əдіс бойынша электродтар төстің алдына,
шоқтыққа жəне кіндік тұсқа бекітіледі. Малдың, əсіресе, сиыр -
дың электрокардиограммасы жүректің анатомиялық ерекшелік-
тері мен миокард қызметінің сипатына сəйкес электрокардио-
граф ты де неге 8 түрлі əдіспен жалғастыру арқылы жазылады.
Зерт теу лер жылқы, ірі қара мен қойдың ЭКГ-сының мысық, ит
жəне адам ЭКГ-сынан ерекшеліктері болатынын анықтады. Мы-
салы, жылқыда Р кертпеші өркештеніп келеді. Ол оң жəне сол
жүрекшелердің қозу процесімен бір мезгілде қамтылмауына бай-
ланысты. QRS кешенінің пішіні тұрақсыз, онда қосымша керт-
пештер мен ойыстар байқалуы мүмкін, ал Т - кертпеші пішіні
жағынан өзгергіш болады.
21-сурет. Электрокардиография сызбасы:
1 - тексерілетін мал; 2 - ток тар-
ту жолдарын ауыстырып қосқыш; 3 - күшейткіш; 4 - батарея; 5 - гальванометр;
6 - ай на; 7 - сəуле көзі; 8 - лента беретін механизм; 9 - бақылау терезесі; 10 - уақыт
бел гі легіш; 11 - кернеуді реттегіш
Жүректің бір толық айналымында байқалатын электр қозғаушы
күштің (ЭҚК) толық сипатын векторкардиография (ВКГ) əдісі
арқылы да зерттеуге болады. Бұл əдіспен токты дененің бір-біріне
перпендикуляр бағытта орналасқан 3-4 бөлігіне электрод бекітіп,
тартады.
Қалыпты векторкардиограммада үш тұзақ байқалады: Р тұзағы
жүрекшелердегі ЭҚК өзгерістерін, QRS тұзағы - қарыншалардың
қозуын жəне Т тұзағы - қарыншалар көлемінің кішірейген қалпын
бейнелейді (22-сурет).
80
ВКГ жүрек жайлы өте көп
мағлұмат бергенімен оған талдау
жасау күрделі болғандықтан
бұл əдіс практикада кең қолда-
ныл майды.
Достарыңызбен бөлісу: