Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет52/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

74

Жүрек автоматизмі. Жүрекке келетін жүйкелерді қиып тас-

таса немесе жүректі организмнен бөліп алып, бірақ қажетті 

қоректік заттармен қамтамасыз етіп отырса, оның жұмысы тоқ-

талмай, жалғаса береді. Жүрек еттерінің сыртқы əсерсіз тек 

органның өзінде туындайтын қозу толқындарының əсерінен 

жұмыс істеуін автоматизм деп айтады. Жүрек автоматизмі 

жоғарыда баяндалған өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты. 

Автоматизм Кис-Фляк түйінінде жақсы дамыған, сондықтан 

оны  бірінші дəрежелі автоматизм орталығы дейді. Ең алғаш 

қозу толқыны осы түйінде пайда болады. Ашофф-Тавар түйінінде 

автоматизм қасиеті азырақ, ал Пуркинье талшықтарында одан 

да аз. Бұл түйіндерді екінші жəне үшінші дəрежелі автоматизм 

орталықтары деп атайды. Автоматизм жүректің веналық бөлі-

гінде күштірек дамыған да, артериялық бөлігінде азая түседі. Ол 

жүрек табанында жақсырақ байқалып, жүректің ұшына қарай 

кемиді. Бұл заңдылықты автоматизмнің кему градиенті (Гаскелл 



заңы) дейді.

Қалыпты жағдайда қозу импульсі тек бір ғана түйінде – 

Кис-Фляк түйінінде, пайда болады да, өткізгіш жүйенің басқа 

бөліктерінде қозу толқыны туындамайды. Олардың əрекеті Кис-

Фляк түйінінен келген күшті қозу импульстерімен басылып та-

сталады. Бұл жағдайды Станниус тəжірибесімен дəлелдеуге 

болады. Егер синус (Кис-Фляк) түйінін өткізгіш жүйенің басқа 

бөліктерінен жіппен буу арқылы бөліп тастасақ, жүректің жұ-

мысы тоқтап калады. Біраз уақыттан кейін екінші дəрежедегі 

автоматизм орталығының (Ашофф-Тавар түйіні) əсерінен жүрек 

қайтадан жұмыс істей бастайды, бірақ оның ырғағы баяулап, 

жүрекшелер мен қарыншалар əрекетіндегі үйлесім бұзылады.

Осы уақытқа дейін жүрек автоматизмінің табиғаты толық 

анықталмай отыр. Бұл құбылысты түсіндіру үшін екі түрлі теория 

ұсынылды. Бірінші - миогенді теория бойынша қозу толқыны ал-

дымен ет талшықтарында пайда болып, жүйкелердің қатысуымен 

өткізгіш жүйе арқылы тарайды. Екінші - нейрогенді теория бо-

йынша қозу толқынын тудыруда негізгі рөлді жүйке элементтері 

атқарады да, ет талшықтары тек жиырылу процесін қамтамасыз 

етеді. Ғылыми тұрғыдан осы екі теорияның да негізі бар.

Миогенді теорияның дұрыстығын дəлелдеу үшін Жапон ға-

лымдары мынандай тəжірибе жүргізген. Олар қоян эм 

брио-

нының жүрегін оқшаулап алып, оған асқазан сөлімен əсер еткен. 



Сөлдің əсерімен ет торшаларын байланыстырып тұрған дəнекер 

ұлпалар қорытылып кетіп, тек дараланған ет торшалары қалған. 

Осы торшаларды қан сарысуы құйылған пробиркаға салып, 37

0

С 




75

жылылықта термостатқа қойған. Бірнеше сағаттан соң жеке тор-

шалар белгілі бір ырғақпен жиырыла бастаған. Күндер өткен соң 

торшалар тор құрып, ортақ ырғақпен жиырылған.

Нейрогенді теорияны қолдаушылар жүйке жүйесінің қозғыш-

тық қасиетіне сүйенеді. Олардың пікірі бойынша қозу толқыны 

алдымен жүрек түйіндеріндегі жүйке торшаларында туындайды.

Электронды микроскопиялық зерттеулер, рентген құрылым-

дық талдаулар жүректегі жүйке жəне ет торшаларының арасында 

өте тығыз байланыс болатынын көрсетті. Демек, жүректегі қо зу 

толқыны өткізгіш жүйенің жүйке жəне ет торшаларының үй ле-

сімді əрекетінен туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет