131
(диа метрі 40 мкм-ге дейін) жəне тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ тор-
ларын құрайды. Альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтитын
кең тұзақ торларының капиллярларынан қан толассыз ағады. Бұл
капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор
түзеді.
Тыныс алу процесі бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) сыртқы орта
мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасу, немесе сыртқы
тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен қан арасындағы газ алмасу,
өкпедегі газ алмасу; 3) қанның газдарды тасымалдауы; 4) қан мен
ұлпалар арасындағы газ алмасу (ішкі тыныс); 5) торшалардың
оттегіні пайдаланып, көмір қышқыл газын бөлуі.
Достарыңызбен бөлісу: