Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Сыртқы тыныс. Тыныс механизмі



Pdf көрінісі
бет104/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

7.2. Сыртқы тыныс. Тыныс механизмі

Сүт қоректі жануарлар өкпесіне альвеолалық құрылым тəн, 

ол көптеген өкпе көпіршіктерінен тұрады. Өкпеде альвеолалар-

мен қатар ауа жолдары - бронхылар мен бронхиолалар бола-

ды, бірақ онда ет талшықтары кездеспейді. Демек, өкпе енжар 

ағза, ол өз бетімен керіліп, сола алмайды. Осымен байланысты 

эволюциялық даму процесі кезінде өкпені белсенді желдету 

тетігі қалыптасқан.

Тыныс алу механизмі алма-кезек ауысып отыратын дем алу 

жəне  дем шығару кезеңдерінен тұрады. Тыныс алудың мұндай 

түрі тыныс жүйесінде жоғары ылғалдық сақтау мұқтаждығынан 

туған, себебі ауаның құрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін 

фактордың бірі. Жануарлар қанына оттегі тек қана альвео-

ла эпителийінің ішкі бетін дымқылдап тұратын ылғалмен 

қапталғаннан кейін өтеді. Осыған байланысты жоғары сатыда 

дамыған жануарларда газ алмасу беткейі сыртқы ортамен жана-

спай, дененің ішінде орналасады.

Өкпе альвеолалары көкірек қуысы қимылдарының ар 

қа-


сында желдетіледі. Дем алу (инспирация) арнаулы тыныс ал-

дыратын еттердің (көкет, сыртқы қабырға аралық, шемір 

шек-

аралық, қабырғаны көтеретін, төс-бұғана еміздікше еттері 



т.б.) жиы 

рылуының нəтижесінде көкірек қуысының ені мен 

тұрқының кеңеюінің салдарынан жүреді. Аталған еттердің жиы-

рылуы салдарынан құрсақ ағзалары кейін қарай ығысып, қа-

бырғалар көтеріледі. Көкірек қимылына сəйкес өкпе де керіліп, 

оның ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан с.б. 1-3 мм-ге 

төмендейді де, сыртқы ортадан ауа өкпеге сорылады. Тыныс еттері 

босаңсыған кезде көкірек қуысы тарылып, өкпедегі ауа сығылады 




132

да, дем шығарылады. Дем шыққан соң аз уақытқа тыным (пауза) 

байқалады. Тыныс жиілеп, тереңдеген кезде дем шығару (экспиа-

ция) арнаулы еттердің жиырылуының нəтижесінде атқарылады. 

Оларға ішкі қабырға аралық еттер, сыртқы жəне ортаңғы сегізкөз 

еттері, құрсақтың қиғаш жəне тік еттері т.б. жатады. Сонымен, 

көкірек қуысы кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол 

тарылса, өкпе сығылып, көлемі кішірейеді. Демек, өкпенің көлемі 

көкірек қуысының қимылына сəйкес өзгеріп отырады.

Өкпенің дəл осылай көкірек қимылын қайталауы екі түрлі се-

бепке байланысты. Біріншіден, өкпедегі серпімді ұлпа элементтері 

жəне өкпе көпіршіктерінің беттік тартылысы серпімді күш туды-

рады. Ол керілген өкпе ұлпасын солдыруға тырысатын фактор. 

Екіншіден, өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды, 

олардың арасында плевраның беткейлік (париетталдық) жəне 

астарлық (висцералдық) жапырақшаларымен көмкерілген плевра 

аралық қуыс болады. Ол төл туғаннан соң бірінші тыныс алумен 

байланысты пайда болады. Құрсақта іштөл өкпесі семіп жата-

ды. Іштөл оттегіні серік арқылы енесінің организмінен қабыл-

дап отырады да, өкпе əрекетке қосылмайды. Төл туғаннан соң 

бірінші тыныс кезінде тыныс алдыратын еттердің жиырылуының 

əсерінен қабырғалар көтеріліп, олардың басы омыртқадағы ар-

наулы ойыстарға бекиді. Осы кезден бастап көкірек қуысы мен 

онда орналасқан жүрек пен өкпенің арасында аз ғана қуыс пай-

да болады. Онтогенез кезінде көкірек керегесі ішкі ағзалармен 

салыстырғанда жылдамырақ дамиды да, бұл қуыс ұлғая түседі. 

Осы қуыстағы қысым атмосфералық қысымнан с.б. 6-15 мм-ге 

кем  (53-сурет). Демек, қуыста теріс қысым қалыптасқан. Сол 

себепті атмосфералық ауа өкпеге тек 

ішкі жағынан ғана əсер етеді.

Егер плевра аралық қуысқа инъ-

ек циялық ине қадаса, онда оған 

ат   мос фералық 

ауа 

сорылады 



да 

(пнев   моторакс), қуыстағы қысым ат-

мос  фе ралық  қысыммен  теңесіп,  өкпе 

се міп қалады (ателектаз), өкпенің қыз-

меті тоқтайды.

Плевра аралық қуыстағы қысым 

тыныс кезеңіне қарай өзгеріп отыра-

ды. Дем алынған кезде жылқыда ол 

атмосфералық қысымнан с.б. 30-мм-

ге төмендесе, дем шығарылған кезде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет