Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Îñû åңáåã³ìä³ ñүé³êò³ æàðûì



Pdf көрінісі
бет2/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

3

Îñû åңáåã³ìä³ ñүé³êò³ æàðûì 

Ðàõèÿ Òàñòàíáåêқûçû Íåñ³ïáàåâàíûң 

ðóõûíà áàғûøòàéìûí

АЛҒЫ СӨЗ

Заман талабы елімізде елеулі өзгерістер тудырып, ана тілімізді 

мемлекеттік тіл дəрежесіне көтерді. Соған байланысты респуб-

ликамызда білікті мамандар дайындау ісінде көптеген салдар-

лы жұмыстар жасалып, жоғары оқу орындарында сабақ қазақ 

тілінде жүргізілуде. Енді алда тұрған басты міндеттер – оқу-ағарту 

процесіне озық əдістерді енгізе отырып, жоғары оқу орындарының 

материалдық базасын жетілдіру, мамандар дайындау ісінің сапа-

сын арттыра түсу, болашақ жас ұрпаққа түбегейлі білім беру. Бұл 

мақсатқа жетудің ұтымды жолы – шəкірттерді мемлекеттік тілде 

жазылған, ғылым жетістіктерін қамтыған, əлемдік талаптарға сай 

оқулықтармен, оқу құралдарымен жəне басқа да оқу-əдістемелік 

əдебиеттермен қамтамасыз ету. Ана сүтімен берілген, санаға сіңген, 

жүрекке жылы, тұрмыста жарасымды өз тілінде білім кəусарынан 

сусындау - ұрпақтар арманы, бүгінгі күн бақыты. Осы мүмкіндікті 

пайдаланбау – арға сын, ерге мін.

Бұл кітап жоғары оқу орындарының биологиялық, мал дə рі герлік 

жəне мал шаруашылығы факультеттерінің студентте ріне арналған, 

өңделіп, толықтырылып, оқырманға қайта ұсы 

ны 


лып отырған 

оқулық. Оның 1995-1996 жылдары жарық көр   ген екі томдық нұсқасы 

қазіргі күні толығымен таралып кет ті, оқыр ман дардан оң баға алды. 

Ұсынылып отырған кезекті басы 

 

лымның мақсаты - оқырманның 



білім деңгейін тереңдетіп, оны физио 

логиялық мағлұматтарды 

болашақ мамандықты игеру де, жалпы өмірде кездесетін тұрмыстық 

жағдайларда сауатты пайдалануға бейімдеу. Кітапта организм-

де байқалатын құбы лыс тарға, процестерге, ғылымда қалыптасқан 

ұғымдарға нақтылы анық 

тама беріліп, оқырманға ойтүрткі салу, 

оның тұжырымдау қабі летін арттыру, жинақтаған білімінің түбегейлі 

де терең болуына ықпал ету жақтары ойластырылды.

Кітапты жазу барысында автор физиология пəнін оқытудағы 

көпжылдық тəжірибелеріне сүйене отырып, оқыту процесіндегі 

сабақтастық, іргелестік принциптерін ескеруге тырысты. Осымен 

байланысты басылымда физиологияға қатысты жалпы биологиялық 

ұғымдар, анатомия мен гистология мағлұматтары, биохимиялық 

деректер, экологиялық түсініктер қамтылған. Оқу 

лыққа аталған 

бағыттар материалдарының енуі қазіргі физиология ғылымының 



4

дамуындағы жалпы тенденциядан туындап, оның түрлі проблемала-

рына болашақ мамандар мен жалпы оқырмандардың көңілін аудару 

қажеттілігіне негізделген.

Физиология пəнінің жоғары білімді мамандар дайындаудағы ала-

тын орнына сəйкес, кітапта негізгі физиологиялық ұғымдар, орга-

низмге тəн маңызды функциялар мен процестер, олардың реттелу 

механизмі баяндалып, тіршілік процестерінің биология лық мəніне, 

ағзалар (органдар) мен жүйелер əрекетінің ерекше ліктеріне, малдың 

жасына, өнімділігіне, түлік түріне, сыртқы орта жағдайларына бай-

ланысты өзгерулеріне баса көңіл бөлін ген. Оқулық медициналық фа-

культет студенттері үшін де пайдалы мағлұматтарға бай. Адам мен мал 

организмдеріне тəн фун циялар мен процестердің тіршіліктік мəні мен 

маңызын айқындай отырып, физиология мамандарды денсаулықты 

қорғау, организмді қатерлі (экстремальді) жағдайлардан сақтау, т.б. 

шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетті мағлұматтар-

мен қамтамасыз етеді. Білікті мамандардың негізгі міндеттерінің 

бі рі – осы физиологиялық құбылыстардың сырын ашу, оларды дұ-

рыс бағытта реттей отырып, малдың денсаулығын сақтау, өнімділі-

гін арттыру, адамды қатерден қорғау. Соған байланысты кітапта 

организм функцияларын реттеу тетіктері терең жəне жан-жақты зер-

деленген. 

Физиологияда көптеген арнаулы ұғымдар, терминдер мен сөз 

тіркестері қолданылады. Сондықтан бұл саланың мазмұнын терең 

ұғынып, түсіну үшін пəнді сұрақ қойып, оның жауабын іздеп, 

таба оты 

рып оқыған жөн. Сонда ғана оқырман түбегейлі білім 

жинақтайды, ор ганизмде жүретін күрделі процестердің биологиялық 

мəнін ұғынады.

Кітапта автор жоғары оқу орындары бағдарламасының барлық 

сұрақтарын қамтып, оларға нақтылы, жан-жақты жауап берген. 

Оқулықта жеке тараулар бір-біріне реті мен мазмұны жағынан 

тəуелсіз баяндалған, сондықтан оны кез келген тиімді тіркесте оқып, 

меңгеруге болады. Дегенмен, жеке тараулар арасында оқырманға 

организмнің күрделі қызметін ұғынуға мүмкіндік беретін ішкі бай-

ланыс та сақталған. Кітап қазіргі кезде елімізде дамып келе жатқан 

қалайда оқыту принципінен ізденіп оқып, үздіксіз білім жинақтау 

принципін жүзеге асыруға негізделген.

Автор кітапқа пікір жазып, ақыл-кеңес қосқан биология ғы лым-

дарының докторлары, профессорлар Б.Толысбаев пен С.Ті леуханға 

зор алғысын білдіріп, рақметін айтады. Сонымен қатар оқулыққа 

көзқарасын білдіріп, құнды ескертпелер мен ұсыныстар жасаған 

əріптестеріне, студент жастарға, мамандарға, жалпы оқырмандарға 

шын көңілден ықыласын білдіреді.



Төлеутай Несіпбаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет