4.2. Қанның құрамы мен мөлшері
Қан - қызыл түсті сұйық зат. Ол плазмадан жəне қан торша-
ларынан тұрады. Қан торшаларына қанның қызыл түйіршіктері
(эрит роциттер), ақ түйіршіктері (лейкоциттер) жəне қан табақ-
шалары (тромбоциттер) жатады.
Қан құрамының шамамен 60 пайызы плазмадан, 40 пайызы
қан түйіршіктерінен тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы
мөлшері дене массасының 5-8 пайызы шамасында. Жылқыларда
ол дене салмағының 1/15, ірі қара мен қой–ешкіде - 1/12-1/13,
шошқаларда - 1/22, құстарда - 1/10-1/13 бөлігіндей болады
(1-кесте). Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, малдың фи-
зиологиялық күйіне, қоңына қарай өзгеріп отырады. Мысалы,
жаңа туған төлдерде, еркек малда, буаз малда қанның мөлшері
көбірек, ал семіз малда азырақ болады. Организмдегі қан ай-
налымдағы жəне қордағы қан болып бөлінеді. Қан мөлшерінің
жартысынан сəл көбірегі қан тамырларында айналымда болады
да, қалған бөлігі қор ретінде қан қоймасы (депосы) деп аталатын
арнаулы органдарда сақталады. Оларға бауыр, көк бауыр жəне
тері жатады. Бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20, көк бауырда
16, ал теріде 10 пайызы жинақталады.
Айналымдағы қан мен қордағы қанның арақатынасы тұрақты
болмайды, ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп
отырады. Мысалы, организм тыныштық жағдайында болса, қор-
дағы қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы, кимыл-əрекет
кезінде - айналымдағы қанның мөлшері артады. Қордағы қан
арқылы сыртқы ортаның əсеріне қарай өзгеріп отыратын орга-
низм мұқтаждықтары қамтамасыз етіледі. Қансыраған жағдайда
айналымдағы қан мөлшері, қан кысымының деңгейі, осы қордағы
қан арқылы сақталады. Организм жайлап, баяу қансыраған
жағдайда қанның жалпы мөлшерінің 3/4 бөлігін жоғалтқанның
өзінде өлім қаупі тумайды, ал организм шапшаң қансыраса, онда
қан мөлшерінің 1/3-1/2 бөлігін жоғалтудың өзі өте қауіпті.
|