23
3.4. Гомеостаз жəне оның маңызы
Көп торшалы организмге гомеостаз тəн. Гомеостаз дегені міз -
организмнің сұйық ортасының (қан, лимфа, ұлпа аралық сұй ық)
cалыстырмалы тұрақтылығы. Бұл терминді Америка фи зио
логы
В. К. Кеннон ұсынған.
Жоғары сатыдағы жануарлар организмінде торшаларға қа-
жет салыстырмалы тұрақтылықты сақтайтын тетіктер пайда
бол
ған. Мысалы, жануарлар организмінің торшалары белгілі
бір тем пература шегінде ғана тіршілік əрекетін сақтайды, ал тұ-
тас организм сыртқы орта температурасының айтарлықтай көп
ауытқуларына шыдай алады. Бұл организм мен сыртқы орта
арасындағы жылу алмасу процесін реттеудің арқасында ғана пай-
да болған қасиет. Сыртқы ортаның температурасы төмендесе, ор-
ганизмде жылу көбірек өндіріліп, жылу бөлу азаяды, ал сырт қы
ортаның температурасы жоғарыласа, онда, керісінше, организм де
жылу түзу азайып, сыртқы ортаға жылу көбірек бөлінеді.
Организм торшаларының функциясы осмос қысымының са-
лыстырмалы тұрақтылығына байланысты. Өз кезегінде осмостық
қысымның деңгейі су мен онда еріген электролиттердің мөл-
шеріне тəуелді. Осмостық қысымның жоғарылауы немесе төмен-
деуі, торша құрамы мен функциясының өзгеруіне əкеп соғады.
Сондықтан организмдегі артық су мен электролиттер сыртқа
бүйрек, өкпе, тері, тер бездері арқылы шығарылады да, осмостық
қысымның деңгейі реттеліп отырады.
Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын əр-
түрлі тұрақты көрсеткіштермен, мысалы, дене температурасы,
қанның осмостық қысымы, химиялық құрамы, ондағы су
тегі
иондарының концентрациясы (рН), т.б. бейнеленеді. Гомеос таз
көптеген ұлпалар мен органдардың тұрақты қызметінің арқа-
сында ғана сақталады.
Жоғары сатыдағы организмге тəн қасиеттің бірі - гомеоки-
нез немесе өмірге қажет функциялардың тұрақтылығы. Мысалы,
қимыл əрекеті мен энергия бөлу арқылы организм сыртқы орта
өзгерістеріне бейімделіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |