гия. Брутто-энергия мен нəжіс энергиясының айырмасын қорыту
307
Организм қабылдаған жал-
пы энергияны қоректік заттардың
қуаттық құндылығына сүйене
отырып анықтайды. Рационның
құрамындағы қоректік заттардың
қуаттық құндылығын арнау-
лы аспап – калориметриялық
құты (бомба) көмегімен таба-
ды. Бұл аспап суда батып тұратын
тұйық құты түрінде жасалған
(111-сурет).
Құтының ішіне 1 г зерттелетін
қоректік зат қойылып, оған таза
оттегі жіберіледі де, электр тогының
жəрдемімен жағы
ла ды. Бөлінген
жылу мөлшері джоуль бірлігімен
өлшенеді. Кало риметриялық құ ты да
жанғанда 1 г көмірсу 17,6 кДж (4,1
ккал), 1 г белок - 24,3 кДж (5,7 ккал),
1 г май - 38,9 кДж (9,3 ккал) энергия бөледі. Организмде белок
толық тотықпайды: белок құрамынан бөлінген амин тобынан
түзілген несепнəр өзімен бірге біршама энергияны ұстап қалады.
Осы себепті белоктар организмде 17,6 кДж (4,1 ккал) ғана энер-
гия бөледі.
Дəл осы жолмен (калориметриялық құты көмегімен) несеп-
тің, нəжістің жəне мал өнімдерінің калориялық құндылығын
анықтауға болады. Нəжісте энергия қорытылмаған азық қал-
дығында, эн
догенді қосылыстарда, микроорганизмдерде сақ-
талады. Несепте энергия азотты заттар (несепнəр, гиппур қыш-
қылы, креатин, аллантоин) мен азотсыз қосылыстар (глюкурон
қышқылының тұздары, лимон қышқылы) құрамында болады.
Достарыңызбен бөлісу: