Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Дене температурасы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет247/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   542
9.11. Дене температурасы жəне оның реттелуі

Организм сыртқы ортамен зат жəне энергиямен алмасып от-

ыратын ашық жүйе. Зат алмасу кезінде организмде жылу түзіліп, 

ол қоршаған ортаға беріледі де, организм мен сыртқы орта ара-

сында динамикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Сыртқы орта температурасының ауытқуларына бейімделуіне 

байланысты жануарлар стенотермиялы жəне эвритермиялы бо-

лып бөлінеді.



Стенотермиялы жануарлар қоршаған орта температурасы 


314

аз ғана мөлшерде ауытқитын жағдайда тіршілік етеді. Оларға 

тропикалық теңіз жануарлары жатады.

Эвритермиялы жануарлар сыртқы орта температурасының 

көп мөлшердегі ауытқуларына төзіп, тіршілік етеді. Оларға 

құрлықта, тұщы суларда тіршілік ететін жануарлар жатады.

Жоғары сатыдағы жануарлар (сүт қоректілер мен құстар) 

денесінің температурасы қоршаған сыртқы орта температура-

сына тəуелсіз жəне біршама тұрақты деңгейде сақталады. Дене 

температурасының тұрақтылығын изотермия деп атайды. Бұл 

қасиет эволюция барысында біртіндеп пайда болған, оның арқа-

сында жеке органдар мен ұлпалар сыртқы орта темпе ра турасының 

ауытқуларынан тəуелсіз қызмет атқарады. Изотермия ны күрделі 

физиологиялық тетіктер қамтамасыз етеді, олардың ішінде негізгі 

рөлді жүйке жүйесі атқарады. Осы себепті изотермия жүйке 

жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады.

Төменгі сатыда дамыған жануарларда изотермия болмайды. 

Барлық омыртқасыз жануарларда, балықтарда, қос мекенділер-

де, бауырымен жорғалаушыларда дене температурасы тұрақсыз 

жəне қоршаған орта температурасына тəуелді өзгеріп отырады. 

Орта температурасы жоғарыласа, дене температурасы көтеріледі, 

салқындаса, төмендейді. Мысалы, күн ысыған кезде кесіртке 

денесінің температурасы 40

0

С-ға дейін көтеріледі. Осындай дене 



температурасының тұрақтылығын сақтай алмайтын жануарлар-

ды пойкилотермиялы жануарлар («салқын қандылар») деп атай-

ды (Роікіlоs - грек тілінде түрлі, ала-құлаtherm  - жылу деген 

мағына береді). Организм температурасын бір қалыпта сақтап 

тұратын жануарларды гомойотермиялы (gоmоіоs - бірдей) жану-

арлар («жылы қандылар») деп атайды.

Изотермия тек филогенезде ғана емес, онтогенездік даму 

кезінде де біртіндеп қалыптасады. Жаңа туған төлдер мен ба-

лапандарда дене температурасын бір қалыпта ұстау қабілеті 

туғаннан кейін бірнеше күннен соң (мысалы, көжектерде 11 

күннен кейін) қалыптасады.

Кейбір жануарлар жылдың белгілі бір мезгілдерінде гомойо-

термиялы организмдер, ал екінші бір мезгілдерінде пойкилотер-

миялы организмдер тəрізді тіршілік етеді. Мұндай жануарларды 

гетеротермиялы жануарлар деп атайды. Гетеротермия - эволю-

ция процесінде гомойотермиядан кеш пайда болған қасиет деп 

есептелінеді. Бұл қасиет ортаның түрлі қолайсыз жағдайларына 

бейімделуде маңызды рөл атқарады. Қоректік заттар, су жетіспесе, 




315

қоршаған орта температурасы төмендесе, мұндай организмдер 

ұйқыға кетеді де, қолайлы жағдай туғанда оянып, гомойотермия-

лы жануарлар сияқты тіршілік етеді.

Мал гомойотермиялы жануарларға жатады. Əр түлік малдың 

дене температурасы əртүрлі болғанымен, əр малда ол аз ғана шек-

те ауытқиды. Дененің қалыпты температурасы:

Сиырда - 38,0-39,5         Мысықта - 38,0-39,5

Жылқыда - 37,5-38,5     Қоянда - 38,5-39,5

Қой-ешкіде -38,5-40,0   Тауықта - 40,5-42,0 

Бұғыда -37,5-38,6          Үйректе - 41,0-43,0

Итте -37,5-39,0               Күзенде - 39,5-40,5

Дене қызуының қалыптан артық жоғарылауын гипертермия

ал төмендеуін - гипотермия деп атайды. Жылы қанды жануар-

лар денесінің 25

0

С-дан төмендеуі немесе 43



0

С-дан жоғарылауы 

тіршілікті тоқтатады. Оның себебі, төменгі температурада фер-

менттік процестер күрт баяуласа, жоғары температурада белок-

тың коллоидтық күйі өзгереді, денатурация процесі жүреді.

Дене температурасының тұрақтылығы жылу түзу жəне оны 

бөлу процестері тепе-тең болған жағдайда ғана сақталады. Бұл 

тепе-теңдік арнаулы физиологиялық тетіктер арқылы реттеледі. 

Жылудың түзілуін, яғни организмдегі химиялық процестердің 

қарқынын, бағыттауды химиялық жылу реттеу деп атайды. Де-

неден жылудың қоршаған ортаға берілуін үйлестіруді физикалық 

жылу реттеу деп атайды. Осы тетіктерге байланысты қалыпты 

жағдайда денеде түзілген жылу шығындалған жылудың орнын 

толтырып отырады да, организмде температура тұрақтылығы 

сақталады.



Химиялық жылу реттеу немесе жылу өндіру организмдегі зат 

алмасу процесін күшейту немесе бəсеңдету арқылы атқарылады. 

Жылу түзетін реакциялар барлық органдар мен ұлпаларда жүреді 

жəне оның қарқыны зат алмасу процесінің деңгейіне байланы-

сты. Жылу əрекеті күшті органдарда - ет ұлпаларында, бауырда, 

мида, бүйректе, ішкі секреция бездерінде, жүректе көбірек, ал 

дəнекер ұлпаларда, сүйектерде, сіңірлерде аз түзіледі. Тыныштық 

жағдайында организмде түзілетін жылудың 25 пайызы етте, 20 

пайызы бауырда, 13 пайызы мида, 11 пайызы жүректе, 7 пайы-

зы бүйректе, 5 пайызы теріде, ал қалған 19 пайызы басқа орган-

дарда өндіріледі. Дене жұмысы кезінде жылудың 70-75 пайы-

зы етте түзіледі. Дене еттерінің жай ғана шиырығуының өзі 

жылу өндіруді 10 пайызға, ал қимыл-қозғалыс - 60-80 пайызға 

арттырады.




316

Жылудың түзілуіне əсер ететін негізгі факторлардың бірі - 

қоршаған ортаның температурасы. Орта температурасы жоғары-

ласа, жылу түзу азайып, төмендесе артып отырады. Суық ауа 

əсерімен еттер еріктен тыс жиырылып, мал денесі дірілдей ба-

стайды. Осыған байланысты еттегі зат алмасу процесі күшейіп, 

жылу өндіру артады. Қазіргі кезде жылу түзуде өкпенің маңызды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет