Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Аналық жыныс ағзаларында спермийлердің сақталу



Pdf көрінісі
бет309/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

12.8. Аналық жыныс ағзаларында спермийлердің сақталу 

жағдайы

Шағылысу кезінде сиырда, қой-ешкіде шəует қынапқа, бие 

мен шошқада - жатырға бөлінеді. Шəует негізінен қынап қабыр-

ғасына шашырап, оның тек аз ғана мөлшері жатыр мойынының 

қатпарларына түседі. Жатырдың мойыны, денесі, мүйіздері 

арқылы спермийлер жыныс ағзаларының ет қабатының жиыры-

луы нəтижесінде жылжиды. Күйлеу жағдайында жатыр еттерінің 

қозғыштығы артып, оның тонусы жоғарылайды, ырғақты жиы-

рылуы күшейеді. Осының салдарынан жатырдың пішіні өзгеріп, 

оның денесі мен мүйіздерінің тұрқы жұмырлана қысқарады да, 

жатыр мойнының сақинаша еттері босаңсып, оның арнасы ашы-

лады, спермийлер жатыр мойнынан жатырға сорылып, мүйіздер 

арқылы жұмыртқалық жол бойымен жылжиды. Жатыр етінің жи-

ырылуын простагландиндер күшейтеді.

Жатыр еттері шартсыз жəне шартты рефлекстер арқылы жиы-

рылады. Алғашқы механизм жыныс жолына енгізілген шəуеттің 

кілегейлі қабыққа əсерінен туындайды. Осы себепті қолдан 

ұрықтандырған кезде де табиғи шағылысу жағдайындағыдай 

жатыр еттерінің жиырылуы байқалады. Аталық малды көру не-

месе басқа жыныстық тітіркендіргіштер үлкен ми жартышарла-




408

ры арқылы жатырдың жиырылуын шартты рефлекстік жолмен 

күшейтеді.

Жатыр қимылы аналық бездің функционалдық жағдайына 

қарай өзгеріп отырады. Аналық бездерінде жетілген фоллику-

лалары бар саулық жатырының бойлама еттерінің жиырылуы 

күшейеді. Овуляциядан соң бұл еттердің жиырылуы бəсеңдеп, 

сақинаша еттердің жиырылуы күшейеді де, толқынды қимылдар 

басталады. Осыдан кейін жатыр еттері босаңсиды да, жатыр 

мүйіздері ұзарып, ағза жамбас қуысына қарай ығысады жəне 

жатыр мойнының арнасы жабылып, шəует өтпейтіндей қалыпқа 

келеді.


Табиғи шағылысу кезінде немесе қолдан ұрықтандырғанда 

гипофиздің артқы бөлігінен окситоцин гормоны бөлініп, жатыр 

еттерінің жиырылуы жанданады. Шағылысу кезінде кездейсоқ 

қолайсыз факторлардың əсерімен мал шошынса, үріксе бүйрек 

үсті безінен адреналин бөлініп, ол окситоцин əсерін тежейді де, 

жатырдың жиырылуы əлсіреп, ұрықтану мүмкіндігі төмендейді.

Шəует құрамындағы спермийлердің тек қана аз мөлшері 

жұмыртқалық жолдың ұшына өзінің ұрықтандырғыш қабілетін 

сақтап жетеді. Спермийлер аналық жыныс жолдарымен минуты-

на 2-5 мм жылдамдықпен жылжиды. Шағылысқаннан соң олар 

сиырда 2-4, қойда - 6, шошқада - 10-5 минут, ал жылқыда алғашқы 

бірнеше секундтар ішінде жатыр мүйіздеріне (жұмыртқалық 

жолға) жетеді.

Спермийлер өздерінің бұрандалы қимылдары, жыныс жолда-

ры еттерінің жиырылуы жəне жұмыртқалық жолдың жыбырлағыш 

торшаларының қозғалыстарымен қалыптасқан сұйық ағыны 

арқылы жылжиды. Ұрықтың белсенді қимылдары тек жатыр мой-

нынан, жатырдың жұмыртқалық жолмен жалғасқан жерлерінен 

өткен кезде жəне жұмыртқа мембранасына енерде қажет.

Аналық жыныс жолдарында спермийлер тіршілік қабілетін 

бірнеше сағат бойына сақтайды (35-кесте). Оған малдың күйі 

үлкен əсер етеді. Мысалы, арық, жұмыстан қажыған биелердің 

жыныстық жолында спермийлердің ұрықтандырғыш қабілеті 

12-24 сағат қана сақталады, сондықтан мұндай биелер көбінесе 

қысыр қалады. Қынап жағдайында да спермийлер тез өледі. Де-

генмен, аналық жыныс жолының кей бөлігінде спермийлер біраз 

уақыт өздерінің ұрықтандырғыш қабілетін сақтайды. Жатырлық 

ұрықтану типіне жататын жануарларда (жылқы, шошқа) мұндай 

қолайлы жағдай жатыр мен оның мүйізінде, ал қынаптық 

ұрықтану типіне жататын жануарларда (сиыр, қой) - жатыр мо-

йынында байқалады. Жатырдың кілегейлі қабығы бөлген шырыш 



409

спермийлер белсенділігін төмендетсе, фолликула сұйығы оны 

жоғарылатады. Овуляция кезінде осы сұйықтық жұмыртқалық 

жол арқылы жатырға құйылып, спермийлер қимылының кү-

шеюіне себепкер болады.

Ен қосалқысынан бөлініп шыққан спермийлер жұмыртқа қа-

бығынан өте алатын жəне ұрықтандыратын қабілетке біраз уақыт 

аналық жыныс жолдарында болғаннан соң ғана ие болады. Бұл 

құбылысты  капацитация (латын тілінен аударғанда capacіtus  – 

қабілеттілік алу деген мағына береді) деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет