476
лады. Осыдан мембрананың сыртқы беті оң, ішкі беті теріс за-
рядталады.
Торша мембранасының натрий иондарына өтімділігі төмен,
бұл иондар ұлпа аралық сұйықта көбірек жинақталады. Олар
торша ішіне өткенде тыныштық потенциалы кемиді. Ал, хлор
иондарының торша ішіне өтуі нəтижесінде тыныштық потенциа-
лы біршама өседі.
Натрий жəне калий иондарының концентрациялық градиент-
ке байланысты алмасуының нəтижесінде олардың торша ішіндегі
жəне торша аралық сұйықтағы концентрациясы теңгеріліп, по-
тенциалдар айырмасы жойылуға тиісті. Бірақ мембранада натрий
мен калий иондарының концентрациясы аз жақтан концентраци-
ясы көп жаққа ауысуын қамтамасыз ететін арнаулы молекулалық
механизмнің болуымен байланысты торша мен торша аралық
сұйық арасында иондар теңсіздігі сақталады.
Иондардың белсенді қозғалысы арнаулы натрий-калий иондық
насосының қызметі арқасында атқарылады. Бұл сорап натрий
жəне калий иондарын белок жəне белок-липидтік тасымалдағыш
молекулалар көмегімен тасымалдайды деген болжам бар. Осы
тасымалдағыш цитоплазмадан натрий иондарын торша бетіне
алып шығады да, торша сыртында калий иондарымен қосылып,
оларды цитоплазмаға тасымалдайды. Бұл торша ішінде калий
иондарының, ал торша аралық сұйықта - натрий иондарының
көбірек жиналуына себепкер болады. Осының нəтижесінде
натрий-калийлік сорап екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден, ол
натрий жəне калий иондарының трансмембраналық градиентін
қалыптастырады, екіншіден, иондардың ырықсыз алмасуын
қамтамасыз ету нəтижесінде потенциалдар айырмасын тудырады.
Натрий-калийлік сорап қызметін қамтамасыз ету үшін қуат
қажет. Қуат көзі ретінде АТФ пен аргининфосфат пайдаланыла-
ды. Цитоплазмада АТФ концентрациясының төмендеуі натрий–
калийлік сораптың қызметін нашарлатады. Осының нəтиже-
сін де мембрананың ішкі жəне сыртқы беткейлеріндегі иондар
концентрациясы теңесіп, тыныштық потенциалы азаяды немесе
жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: