б-цитоплазма. Тік нұсқама Nа жəне К иондарының ықпалды алмасуын бейнелейді;
478
Қазіргі мембраналық теория əрекет потенциалының пай-
да болуын былай түсіндіреді. Табалдырықты жəне одан күшті
тітіркендіргіштер əсерінен торша мембранасында үйексіздену
процесі жүреді. Үйексіздену белгілі шекке жеткен кезде бір сəтте
көптеген натрий арналары ашылады да, торша мембранасының
натрий иондарына өтімділігі тыныштық жағдайымен салыс тыр-
ғанда, 500 есе артады. Осының нəтижесінде натрий иондарының
легі торша аралық сұйықтан торша ішіне өтеді. Оң зарядтың
азаюы салдарынан торшааралық сұйықтағы аниондар əсерімен
(көбінесе, хлор иондары) мембрана беткейі теріс зарядталады.
Бірақ мембрананың натрий иондарына өтімділігі қысқа мерзімге
ғана (0,5-1,5 мс) өседі де, одан əрі натрий арналары жабылып, бұл
иондардың өту қарқыны төмендейді.
Натрий арнасы «қақпалары» тез ашылатын жəне баяу жа-
былатын болып жіктеледі деген болжам бар. Мембрананың на-
трий иондарына өтімділігінің өсуі жандандырушы арналар
«қақпаларының» ашылуымен байланысты. Соңынан мем
бра-
наның натрий иондарына өтімділігінің төмендеуі баяу жабыла-
тын «қақпалардың» жабылуымен байланысты. Бұл құбылысты
натрий тасымалдаушы механизмнің бəсеңдеуі деп атайды.
Осының нəтижесінде натрий иондарының торшаға өтуі күрт
төмендейді де, мембрананың калий иондарына өтімділігі 10–15
есе артады. Бұл иондар торшадан жылдам шығады да, торша
мембранасының бастапқы үйектену сипаты қалпына келеді, мем-
брана сырт жағынан оң, іш жағынан - теріс зарядқа ие болады.
Калийлік арналарда тек жандандырушы «қақпақшалар»
ғана болады деген болжам бар. Тыныштық жағдайында бұл
«қақпақшалардың» бір бөлігі ғана ашық болады. Əрекет потен-
циалы шыңының өрлеу сатысында, мембрана кері зарядталғанда,
ашық «қақпақшалар» саны өседі де, мембрананың калий ион-
дарына өтімділігі артады. Тыныштық потенциалы қалпына кел-
геннен соң калийлік арналар «қақпақшаларының» бір бөлігі
жабылып, мембрананың калий иондарына өтімділігі бастапқы
деңгейіне оралады.
Сонымен, əрекет потенциалы торша мембранасы арқылы
иондар легінің өтуімен байланысты қалыптасады. Натрий ион-
дарының торша ішіне өтуі мембрананы кері зарядтап, торшадан
калийдің шығуы бастапқы тыныштық потенциалын қалпына
келтіреді.
Бірыңғай салалы ет талшықтарында əрекет потенциалын ту-
дыруда натрий жəне калий иондарымен бірге кальций иондары
да қатысады.
479
Əлсіз, табалдырықтан төмен тітіркендіргіштер əсерінен мем-
брананың натрий иондарына өтімділігі аз ғана артады да, үйек-
сіздену қажетті шекке жетпей қалады. Үйексізденудің бұл түрін
шектелген, таралмайтын потенциал деп атайды. Ол ұл паның
бас қа бөлігіне таралмайды, туындаған жерінің маңында өшіп
қала ды. Əлсіз тітіркендіргіштер əсері қайталанса, олар жинақтала
келіп, үйексізденуді шектік деңгейге жеткізіп, əрекет потенциа-
лын тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: