күйінің өзгеруі. Бұлшық еттің жиырылуы оның ұзындығының
оны түсіндіру мақсатында бірнеше теория ұсынылған. Ал-
М. Н. Лю
рылады. Осыдан кейін Венгрия биохимигі А.Сцент-Дьорди ет
497
талшығының құрамында екінші – актин белогының да болаты-
нын анықтады. Ол миозинмен əрекеттесіп, актомиозин кешенін
түзеді. Актомиозиннің ферменттік белсенділігі миозиннен 10 есе
артық. Осы аталған деректер актомиозиндік теорияның негізіне
алынған. Бұл теория бойынша актомиозин АТФ-ті ыдыратып,
бөлінген қуат есебінен өзі жиырылады.
Мейер ұсынған жіпшумақтық (мицелярлық) теория бойынша
миозин молекуласы өзара пептидтік байланыс арқылы біріккен
амин қышқылдарының ұзын тізбегінен құралады. Бұл амин
қышқылдары коллоидтық бөліктерге - мицеллаларға топтасады.
Тыныштық жағдайында мицеллалар шиыршық (спираль) түрінде
орналасады. Бұлшық ет қозған кезде əрекетшіл ортаның өзгеруі
нəтижесінде бұл шиыршық бүйірінде оң жəне теріс зарядталған
иондар тобы пайда болады. Олардың электростатикалық тарты-
луы нəтижесінде ет талшығының ұзындығы қысқарады, ет жиы-
рылады.
Қазіргі кезде актомиозиндік теория одан əрі дамуын та уып
отыр. Электронды микроскопиялық зерттеулер нəтижесінде
А. Ходжкин протофибриллалардың «сырғанауы» атты теория
ұсынды. Бұл теорияға сəйкес тыныштық жағдайында актин
жіпшелері өздерінің ұшымен миозин жіпшелерінің арасына еніп
жатады. Бұлшық ет қозған кезде актин мен миозин арасындағы
құрылымдық жəне физикалық-химиялық байланыстар өзгеріп,
актин жіпшелері миозиннің бойымен саркомердің ортасына
қарай жылжи бастайды да,
Достарыңызбен бөлісу: