байланысты өзгеріп отырады. Ет жұмысының жүк салмағына
ша болса, ет күшті жиырылады, ет қызметі мықты болады. Бұл-
уақыт жұмыс атқарудың салдарынан қажиды. Бұл құбылыс еттің
тұрғыдан оның маңызы зор. Қажыған кезде еттің функционалдық
төмендейді. Қажудың салдарынан еттің жиырылу күші бірте-
босаңсу сатысы ұзарады.
Ал, қаңқа еттерінде алдымен, ақ еттер, содан соң қызыл еттер қажиды.
Қажудың мəні əлі толық анықталмаған. Бұл құбылысты тү-
сін діру үшін И. Шифф титықтау теориясын ұсынған. Бұл
гликогеннің жеткілікті мөлшерде болатынын көрсетті.
505
өнімдері жиналып, олар зат алмасу процесіне жағымсыз əсер етеді
де, органның əрекетін нашарлатады. Фосфор қышқылы кальций
иондарын байланыстырып, еттің жиырылу күшін əлсіретеді. Зат
алмасу өнімдері бұлшық ет талшықтары мембранасының əрекет
потенциалын тарату қабілетін төмендетеді.
Аталған екі теория да жекеленген ет талшықтарына жүргі-
зіл ген тəжірибелер нəтижесіне сүйеніп, ұсынылған. Сондықтан
олар қажу процесін біржақты жəне үстіртін түсіндіреді. Бұл
тео рияларда қажу кезінде байқалатын кейбір реакциялар осы
процестің себебі ретінде қабылданған.
Біртұтас организм жағдайында жүргізілген тəжірибелер қажу
процесі кезінде бұлшық етте қуат көзі - АТФ пен гликоген қо-
рының, креатинфосфат деңгейінің азаятынын, оттегі тапшылығы
туындайтынын көрсетті. Сонымен қатар бұлшық еттің жиыры-
лу процесін қамтамасыз ететін белоктарында да құрылымдық
өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, актомиозин құрамындағы
сульфгидрильдік топтар азайып, АТФ-тің əрекеті бұзылады.
Табиғи жағдайда организмнің қимыл аппаратының қажуы көп
факторлы процесс. Тұтас организмде органдарға қоректік заттар
мен оттегі толассыз жеткізіліп, алмасу өнімдері үздіксіз шайылып
əкетіліп отырады. Қажыған кезде органның жұмыс қабілетінің
төмендеуімен қатар, көптеген органдар мен жүйелердің (шеткі
жүйке-ет аппаратының, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің)
қызметі бұзылып, гипоксия, гипогликемия, алмасу өнімдерінің
əсерінен жүйке торшаларының қызметі төмендейді, орталық
жəне вегетативтік жүйке жүйелерінің реттеуші қызметі нашар-
лайды, қимылдар үйлесімі бұзылады.
Бұлшық еттің қажуының негізінде еттің жиырылғыш аппа-
ратындағы немесе жүйке-ет жалғамаларындағы (синапс) өзге-
рістер жатады. Бұл өзгерістер негізінен жекеленген ет тал-
шықтарының қажуын тудыратын себептердің - ацетилхолин
қо рының азаюы, АТФ пен КФ-тің тапшылығы, сүт қышқылының
жинақталуы, көмірсулар қорының азаюы нəтижесінде туын-
дайды. Бірақ əрекет түріне қарай аталған факторлардың қажу
процесін тудырудағы рөлі өзгеріп отыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: