502
Бұлшық ет құрамында АТФ-пен салыстырғанда креатинфос-
фат əлдеқайда көп (30 ммоль/л шамасында). Бұл қосылыс та
химиялық реакциялар нəтижесінде қайта синтезделіп отырады.
Креатин + Р + тотығу энергиясы
Креатинфосфат.
Бұлшық еттің ұзақ жəне қарқынды əрекеті кезінде креатин-
фосфат қоры да азаяды. Мұндай жағдайда АТФ гликолиз жəне
ұлпалық тыныс реакциялары арқылы қайта синтезделеді.
АТФ-ті бұлшық етте қайта синтездеу үшін глюкоза мен гли-
когеннің қуаты пайдаланылады. Гликолиз реакциясына араласа
отырып, глюкоза мен гликоген өз құрамдарындағы қуатты береді
де, сүт қышқылына айналады. Глюкоза анаэробты тотыққан кезде
АТФ-тің екі молекуласы түзіледі.
С
6
Н
12
О
6
– 2СН
3
СНОН – СОО
–
+ 2 Н
+
+ 2 АТФ
глюкоза лактат
Бұлшық ет жұмысы кезінде гликогеннің мөлшері азайып, сүт
қыш қылы жиналады. Аэробты жағдайда сүт қышқылы Кребс
айналымында тотығып, көміртегінің қос тотығы, су бөлінеді
жəне АТФ түзіледі. Сүт қышқылының негізгі бөлігі гликонеоге-
нез процесі арқылы қайтадан гликогенге айналады. Ауыр жұмыс
кезінде АТФ-ті қайта синтездеу процесінде май қышқылдарының
тотығуы нəтижесінде бөлінген қуат пайдаланылады.
Ұлпаларда АТФ негізінен көмірсулардың аэробты тотығуы
кезінде түзіледі. Мысалы, бұлшық ет торшалары митохондрияла-
рында тотыға фосфорлану нəтижесінде глюкозаның бір молеку-
ласынан АТФ-тің 38 молекуласы синтезделеді.
С
6
Н
12
О
6
+ 6 О
2
6 СО
2
+ 6 Н
2
О + 38 АТФ.
Сонымен, бұлшық ет жиырылуы үшін қуат көзі ретінде АТФ
пайдаланылады. Қайта синтездеу процесі дұрыс жүрген жағдайда
оның ет құрамындағы мөлшері өзгермейді, тек гликоген қоры
ғана азаяды.
Бұлшық ет жиырылғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бұл
процесте екі кезең байқалады. Бірінші кезең бастапқы жылу
түзу сатысы деп аталады. Ол бұлшық ет қозған кезден баста-
лып, ол жиырылған жəне босаңсыған кезде де жалғаса береді.
Мұнда жылу АТФ-тың ыдырауымен байланысты реакциялар
нəтижесінде түзіледі.
Жылу түзудің екінші сатысы ет босаңсығаннан кейін бірнеше
минут ішінде жүреді, оны жылу түзудің кешіккен немесе қа-
лыптастыру кезеңі деп атайды. Бұл құбылыс АТФ-ті қайта түзу,
503
гликолиз жəне тотыға фосфорлану процестерімен байланысты.
Бұлшық етте түзілетін жылудың 40 пайызы бірінші, ал 60 пайызы
екінші кезеңде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: