Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Козғағыш  ней рон дар  бірлестігі 566



Pdf көрінісі
бет428/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   542
204-сурет. Козғағыш 

ней рон дар  бірлестігі




566

торлардың экстрафузальдық ет талшықтарының жиырылуына 

немесе босаңсуына сезімталдығы өзгереді (205-сурет).

Вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары ерекше торшалар 

тобын құрайды. Симпатикалық нейрондардың денесі жұлынның 

бүйір мүйізінде орналасады. Олар қан тамырларының, ішкі ағ-

залар қабырғасындағы бірыңғай салалы еттерінің, бездердің 

қызметін реттеуге қатысады. 



205-сурет. Бұлшық еттің ұршықты торшасы жəне оның жүйкелену принципі

Парасимпатикалық нейрондар денесі жұлынның құйымшақ 

бөлігінде орналасады. Оларға аялық (фондық) белсенділік тəн. 

Қуықтағы қысым жоғарыланған сайын бұл торшалардың бел-

сенділігі арта түседі.

Жұлындағы аралық нейрондар өсінділері жұлын шеңберінен 

сырт шықпайды. Олардың өсінділері орналасу жағдайына қарай 

жеке сегменттік жəне проекциялық болып бөлінеді де, бір сег-

мент деңгейіндегі жəне сегментаралық байланысты қамтамасыз 

етеді. Сонымен қатар жұлында өсінділері бірнеше сегментті, 

тіпті, жұлынның əртүрлі бөліктерін байланыстыратын аралық 

нейрондар да болады. Олардың аксондары жұлынның өзіндік 

шоғырларын түзеді. Аксондары өте ұзын аралық нейрондар 



проекциялық нейрондар деп аталады. Олар жұлынның өрлеу жо-

лын құрайды.



Жұлын рефлекстік жəне өткізгіштік қызмет атқарады. Жұ-

лында көптеген сомалық (тəндік) жəне вегетативтік рефлекстер 

доғасы тұйықталады. Мысалы, ит жұлынының беломыртқалық 

бөлігіндегі бір аралық нейрон беткейінде 650, ал қозғағыш ней-

ронда 5500 шамасында синапс орналасады. Осының нəтижесін-

де жұлын көптеген рефлекстерді атқаруға қатысады. Жұлын-

ның əртүрлі бөліктерінде (мойын, кеуде, бел омыртқалық) бас, 

мойын, дене тұлғасы мен аяқ еттері қызметін, дене қимылын 

реттейтін орталықтар орналасқан. Сонымен қатар жұлынның 



567

3-5 мойын омыртқа деңгейінде көк еттің əрекетін реттейтін 

орталық, құйымшақ бөлімінде - нəжіс шығару, зəр шығару жəне 

жыныстық рефлекстер орталығы орын тебеді. Жұлыннан біраз 

парасимпатикалық жəне барлық симпатикалық жүйкелер бас-

талады. Осының нəтижесінде жұлын ішкі ағзаларда жүретін 

про цестерді - тамырлар тонусын, ұлпалық зат алмасуды, тер бө -

луді реттеуге қатысады. Жалпы жұлынның қатысуымен қор ға-

ныстық рефлекстер, кереғар еттер рефлекстері, керілу реф лексі

висцеромоторлық, вегетативтік рефлекстер атқарылады.

Рефлекстік қызметпен қатар жұлынның импульстерді өткізу 



қызметінің маңызы зор. Бұл жүйке талшықтарынан құралған 

ақ заттың өткізгіш жолдарының қатысуымен атқарылады. Өт-



кізгіш жол деп құрылысы мен қызметі жағынан біртекті жүйке 

талшықтарының топтарын айтады. Олар жұлынды мимен жəне 

жұлынның əртүрлі бөліктерін бір-бірімен жалғастырады. Əрбір 

өткізгіш жолдың талшықтары біртекті нейрондардан басталып, 

ортақ қызмет атқаратын нейрондарда аяқталады.

Қызмет ерекшеліктеріне қарай жүйке талшықтары жал-



ғас тырғыш  (ассоциативтік),  көлденең  ұластырғыш  (комиссу-

ральдық) жəне проекциялық (афференттік жəне эфференттік) 

болып бөлінеді. Ассоциативтік талшықтар немесе олардың 

шоғырлары жұлынның жеке бөлімдерінің бір жақты байланысын 

қалыптастырады. Бұл талшықтардан құралған жұлынның өзіндік 

шоғырлары жұлынның жеке сегменттерін де бір-бірімен байла-

ныстырады.  Комиссуральдық талшықтар жұлынның қызметі 

бірдей симметриялы, қарама-қарсы бөліктерін бір-бірімен, ал 

проекциялық талшықтар жұлынды орталық жүйке жүйесі-

нің жоғарғы бөліктерімен байланыстырады. Бұл талшықтар 

жұлынның негізгі өткізгіш жолдарын - өрлеу немесе орталыққа 

тепкіш, афференттік жолдарын құрады.



Орталыққа тепкіш өткізгіш жолдар. Бұл жолдар сыртқы не-

месе ішкі орта əсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстер-

ді мидың əртүрліқұрылымдарына жеткізеді. Негізгі орталыққа 

тепкіш жолдарға жіңішке шоғыр, сына тəрізді шоғыр, латеральдық 

жəне вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық жəне 

вентральдық жұлын-мишықтық жол жатады (206-сурет).



Жіңішке жəне сына тəрізді шоғырлар (Голл жəне Бурдах 

жолы) жұлынның үстіңгі бағанын құрайды. Бұл шоғырлар сіңір 

проприорецепторларында, терінің жанасуды қабылдайтын ре-

цепторларында, висцерорецепторларда туындаған импульстерді 

өткізеді. Олар жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының 




568

өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, 

қозу импульстерін 60–100 м/с жылдамдықпен өткізеді. Бұл 

шоғырлардың қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрон-

дарымен жəне аралық нейрондармен синапстық байланыс түзеді 

де, ұзын аксондары сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей 

олар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттері нейрондары-

на көптеген тармақтар бере отырып, сегмент аралық байланыс 

түзеді.

Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөлік тері 

мен артқы аяқтардан, ал сына тəрізді шоғырмен дененің алдыңғы 

бөліктері мен алдыңғы аяқтарынан келетін қозу импульстері 

өткізіледі. Жұлынның бойымен аталған шоғырлар талшықтары 

үзілмей жəне қиылыспай өтеді де, сопақша мидағы Голл жəне 

Бурдах ядроларында аяқталады. Осы жерде олар екінші ней-

ронмен синапс түзеді. Екінші нейрон өсінділері сопақша ми 

деңгейінде айқасып, дененің қарсы бөлігіндегі таламустың ар-

наулы ядроларында аяқталады. Бұл жерде олар үшінші нейрон-

мен жалғасады. Олардың аксондары үлкен ми жарты шарлары 

қыртысының ІV қабатының нейрондарына бағытталады. Жалпы 

бұл жол арқылы тітіркендіргіштің əсер еткен аймағын, оның 

аумағын, мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін 

айқын сигналдар өткізіледі.

Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну жəне тем-

пературалық əсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы 

тактильдік (жанасу) əсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет