қызметін көптеген əдістермен зерттейді. Ең ескі жəне зертхана
əдісі. Бұл əдістің көмегімен көптеген құнды мағлұматтар жи-
нақталған. Бірақ организмде жүретін процестердің, байқалатын
ойып алу арқылы, оларға тəн қызметтер анықталады. Экстирпа-
ция əдісіне көптеген кемшіліктер де тəн. Мидың белгілі бір бөлігі
нан да туындайды. Сонымен қатар əртүрлі сатыда дамыған жану-
пікірлер де қалыптасты. Сондықтан қазіргі кезде бұл əдіс сирек
бақылау тəсілдері пайдаланылады.
ба қылайды. Көбінесе, тітіркендіргіш ретінде күші, əсер жиілігі
əртүрлі электр тогын қолданады. Тиісті операция арқылы ашыл-
лы беріледі.
562
Тітіркендіру əдісі қазіргі кезде екі нұсқада - жедел жəне со-
зылмалы тəжірибе жағдайында, қолданылады. Соңғы нұсқада ар-
наулы хирургиялық операция арқылы мидың белгілі бір құрылы-
мына электродтар біте қондырылады да, зерттеуші кез келген
уақытта ми құрылымына нақтылы əсер етіп, қажетті мағлұматтар
жинайды.
Орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттеуде электро-
энцефалография əдісі (ЭЭГ) маңызды орын алады. Организм-
нің əрбір тірі торшасы сияқты жүйке торшаларына да электро-
физиологиялық құбылыстар тəн жəне торша тыныштық күйден
белсенді жағдайға көшкенде онда белгілі заңдылықпен дамитын
өзгерістер байқалады. Сондықтан электрлік ауытқуларды зерттеу
арқылы жүйке жүйесі қызметінің зандылықтары жайлы құнды
деректер алуға болады.
Орталық жүйке жүйесі электрофизиологиясының негізі өт-
кен ғасырдың 70-жылдарында В. Я. Данилевский мен Р. Кэттон,
И. М. Сеченов пен басқа ғалымдардың зерттеулері нəтижесінде
қаланды. 1929 жылы Австрия физиологы Г. Бергер киевтік про-
фессор В. В. Правдич-Неминский тəсілін қолданып, алғаш рет
адам миының үлкен жарты шарларының биотогын жазды. Осы
кезден бастап, электрофизиологияның жаңа саласы - электроэн-
цефалография пайда болды. Қазіргі кезде электроэнцефалогра-
фия тек физиологиялық эксперименттерде емес, клиника жағ-
дайында да кеңінен қолданылады.
Қазақстанда нейрофизиология зертханасы Ұлттық ғылым
академиясының физиология институтында ХХ ғасырдың 70-жыл-
дарында ашылды. Микроэлектродтық техника, ЭЭГ əдістерін
қолдана отырып, лаборатория қызметкерлері өте құнды деректер
жинақтап, жұлынның дене температурасын реттеудегі маңызын
ашты (С. Ж. Тлеулин, т.б).
Соңғы жылдары микроэлектрофизиология жетістіктерімен
байланысты орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттеуде жұ-
лын мен мидың əртүрлі бөліктері нейрондарының электрлік бел-
сенділігін зерттеу тəсілдері кеңінен қолданыла басталды. Бұл əдіс
жеке нейрондар мен түйіндердің физиологиялық маңызын, ор-
талық жүйке жүйесіндегі синапстық байланыстардың құпиясын
ашуда маңызды орын алып отыр.
Мидың жоғары бөлімдерінің қызметін зерттеуде И. П. Пав-
лов ұсынған шартты рефлекстер əдісінің маңызы да өте зор.
Шартты рефлекстер орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері
қыз метінің табиғи бейнесі болып табылады, сондықтан оларды
бақылау арқылы мидың тиісті бөлімдерінде жүретін физио
ло-
563
гиялық процестер жайлы терең мағлұматтар жинауға болады.
Дегенмен, орталық жүйке жүйесі физиологиясын зерттегенде
аталған əдістерді дара-дара емес, кешенді түрде пайдаланған
орынды.
Достарыңызбен бөлісу: