Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет483/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.3. Көру талдағышы

Жануарларда көру талдағышы өте жақсы дамыған. Оның 

көмегімен жануар қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы 

заттардың түсін, пішінін, көлемін, жарықтығын жəне орналасу 

қашықтықтығын анықтайды. Көру мүшесі эволюциялық даму 

кезінде жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Жарық пен түске 

байланысты түйсіктер рецепторларға ұзындығы 0,38-0,75 мкм 

электромагниттік толқындардың əсер етуінің нəтижесінде пайда 

болады. Жануарлар көзінің фоторецепторлары инфрақызыл жəне 

ультракүлгін спектор аралығындағы толқынды қабылдай алады.

Əртүрлі жануарлардың жарыққа сезімталдығы бірдей емес. 

Ол көру мүшесінің құрылысының күрделілігімен байланысты. 

Мысалы, кейбір балық түрлері мен қос мекенділер жарықты 

бүкіл денесімен сезінеді. Жарыққа диффузиялы сезімталдық 

тікен терілілер мен жұмыр құрттарға да тəн. Көздің қарапайым 

түрі алғаш рет талшықтыларда пайда болады да, буын 

аяқтыларда ол едəуір күрделенеді. Сүт қоректі жануарларда көру 

мүшесі дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен. Ол оптикалық, 

фоторецепциялық жүйелерден жəне түрлі қосымша қорғағыш ап-

параттардан құралады.



Көздің құрылысы. Көру анализаторының негізгі мүшесі - көз 

алмасы, бас сүйектің алдыңғы жағындағы арнаулы екі ойыста - 

көз шарасында (аңғалақта) орналасқан. Көз шарасы көз алмасын 

əртүрлі сыртқы зақымдаушы əсерден қорғап тұрады.



Көз алмасы шар пішінді құрылым. Оның алдына қарай 

шығыңқы келген бөлігін көздің алдыңғы полюсі, ал артқы жағын 



артқы полюс деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен 

қапталған: ең сыртқы қалың фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы 



тамырлы қабық жəне ішкі - торлы қабық (238-сурет).

Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлігін «қасаң қабық» деп атайды. 

Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат əйнегіне ұқсас келеді. 

Ол арқылы көз алмасының ішіне жарық сəулесі сындырылып 




652

өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп 

атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру 

жүйкесінің сыртын қаптап, жүйкеқап түзеді.

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасқан. Бұл 

қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары болады. Тамырлы 

қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін 

нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пиг-

ментке байланысты болады. Сиырда ол қара қоңыр, жылқыда қара 

немесе ақшыл қоңыр, қойда сарғыш қоңыр, ешкіде көкшіл немесе 

сарғыш, итте қара қоңырдан сарыға дейін, мысықта сары не жа-

сыл түске боялады. Альбиностарда (ақ түсті жануарларда) нұрлы 

қабықта түссіз болады, қан тамырлары көрініп тұратындықтан ол 

қызыл болып көрінеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп 

аталатын тесік болады, ол арқылы жарық сəулесі көз алмасының 

ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Қарашықтың пішіні примат-

тарда дөңгелек, жылқы мен күйісті малдарда сопақша, мысықта 

сызықша саңлау іспеттес.

Нұрлы қабықта екі бағытта орналасқан ет талшықтары бола-

ды. Сақиналы бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда 

көз қарашығы тарылады, ал сəулелі бағытта орналасқан ет 

талшықтары жиырылғанда кеңейеді. Осының нəтижесінде көз 

алмасының ішіне өтетін жарық сəулесінің шоғыры көбейіп, не 

азайып отырады. Демек, нұрлы қабық қызметінің арқасында 

көздің жарық күшіне бейімделу процесі (адаптация) атқарылады 



(239-сурет). 

Сақинаша еттер парасимпатикалық жүйке тармағымен, ал 

сəулелі еттер – симпатикалық жүйкемен жүйкеленеді. Қара-

шықтың артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене - көз 



бұршағы орналасады. Ол сыртынан жұқа қабықпен қаптал ған. 

Оның белдеміне циннов байламы бекиді. Өз кезегінде бұл байлам 

тамырлы қабық құрылымы болып табылатын кірпікше еттер мен 

жалғасады. Осы кірпікшелі дененің жиырылуы нəтижесінде көз 

бұршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп оты-

рады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет