Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет485/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

239-сурет. Нұрлы қабық пен кір-

пікше еттердің жүйкеленуі: 

1 - нұрлы 

қабыық; 2 - қарашық; 3 - сақиналы еттер; 

4 - сəулелі еттер; 5 - кірпікшелі еттер; 6 - са-

 

қиналы еттерді жүйкелендіретін пара-



сим патикалық нерв талшықтары; 7 - сəу-

лелі еттерді жүйкелендіретін симпа 

ти-

калық жүйке талшықтары



240-сурет. Аккомадация механизмі: 

Көздің сол жақ бөлігі көз бұршағының 

алыс тағы затты, оң жақтағы бөлігі жақындағы затты қарағандағы пішіні



654

тұрады. Кірпікше еттер жиырылған кезде керіліп тұрған байлам-

дар босаңсиды да, көз бұршағы өзінің серпімділік қасиетіне бай-

ланысты дөңестеле түсіп, жарық сындыру күшін ұлғайтады. Бұл 

кезде көз жақында орналасқан заттарды анық ажыратады.

Көздің жарық сезгіш (фоторецепторлық) бөлімі ең ішкі тор-

лы қабықта орналасқан. Торлы қабық сырт жағынан тамырлы 

қабықпен, ішкі жағынан шыны тəрізді денемен жанасады да, 

көздің артқы жартысын ғана астарлай орналасады. Онда жарық 

сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сауытшалар орын тебеді. 

Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі. Ол əртүрлі торша-

лар немесе олардың өсінділерінен түзілген 10 қабаттан тұрады 

(241-сурет). Оның тамырлы қабықпен жанасатын сырт қабатын 

пигментті торша құрайды. Бұл торшалар құрамында жарықтың 

шағылысуына, мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент бола-

ды. Осының арқасында заттың бейнесі айқын көрінеді.

Пигментті қабаттың ішкі бетінен онымен жанасатын келесі 

қабатты бойлай өсінділер шығып, олар фоторецепциялық тор-

шаларды қоршап жатады. Көзге тым күшті жарық түссе, пиг-

мент дəндері эпителийлік торшалардан өсінділерге ығысып, 

таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан қалқалайды. 

Пигментті торшалар фоторецепторлардағы зат алмасу процесін 

реттеуге қатысады деген де пікірлер бар.

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті тор-

шалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан не-

месе талшықтардан құралған жарықты кері шағылыстыратын 

қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нəтижесінде жарық 

түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Мұндай 

жағдайда фоторецепторларға тікелей 

түскен сəуле ғана емес, шағылысқан 

сəуле де əсер етіп, қараңғылықта 

бейнені қабылдау мүмкіндігін артты-

рады. Кейбір жануарлардың (сиыр, 

жылқы, мысық) қараңғыда көзі 

жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, 

тамырлы қабықтың алдында ерекше 



шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) 

болуымен байланысты. Аталған жарғақ 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет