700
Жүйке орталықтары – орталық жүйке жүйесіндегі организмнің бел-
гілі бір əрекетін реттейтін нейрондар шоғыры.
Нейрон – жүйке торшалары мен өсінділерінің жиынтығы.
Нейропептидтер – мидың интегративтік қызметін (ес, ұйқы, түйсік,
т.б.) реттейтін ОЖЖ-ің эндогенді биологиялық белсенді заттары.
Онкограф – ішкі органдар көлемінің қанмен жабдықталу деңгейіне
байланысты өзгерістерін тіркейтін аспап.
Парентеральдық жол – заттарды организмге ас қорыту жолынан тыс
(тамыр, тері арқылы) енгізу.
Перистальтика – ас қорыту жолының толқын сипатта таралатын жиы-
рылуы, қимылы.
Перфузия – қанды немесе ерітінділерді оқшауланған, қан айналым
жүйесінен бөлінген органдар тамырлары арқылы өткізу əдісі.
Плетизмограф – дененің жеке мүшелері көлемінің қанмен жабдықталу
деңгейіне қарай өзгерістерін тіркейтін аспап.
Реабсорбция – су мен онда еріген заттардың органдардан кері сіңірілуі,
сорылуы.
Реутилизация – алдын ала алмасуда болған метаболиттерді организмнің
қайта пайдалануы.
Рефрактерлік – қозу үстіндегі жүрек еттерінің тітіркендіргішке жауап
бермейтін қасиеті.
Секреция – без өндірген заттардың бөліну процесі, түзінділеу.
Достарыңызбен бөлісу: |