Антральдық бөлім – сағада орналасқан, қарынның кардиалық сфин-
ктерге жалғасатын бөлігі.
Ас қорыту – азық құрамындағы күрделі қоректік заттарды қарапайым
қосылыстарға айналдыратын механикалық, физикалық-химиялық жəне
биологиялық процестердің жиынтығы.
Атрофия – органдардың семуі.
Ацидоз – организмнің қышқыл-сілтілік теңдестігінің қышқылдық
жаққа ығысуы.
Басытқы (ингибитор) – белгілі бір биохимиялық немесе физиоло гия-
лық процесті басатын, бəсеңдететін зат.
Гематокрит – қан түйіршіктері мен плазмасының көлемдік ара қаты-
насы.
Гематология – физиологияның қан жүйесінің құрамы мен қызметін
зерттейтін бөлімі.
Гематоэнцефалдық тосқауыл – қан мен орталық жүйке жүйесі құ ры-
лымдарының арасындағы зат алмасуды реттейтін морфо-физиологиялық
механизм.
Гемодинамика – қан тамырларымен қанның ағу себептерін, заңды-
лықтарын жəне механизмін зерттейтін ілім.
Гемолиз – эритроциттер қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқа
шығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |