Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет76/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

33-сурет. Жедел тəжірибеде жа зылған артерия қысымының бей несі: 

бірінші, екінші жəне үшінші реттік кертпештер




100

жəне резеңке (6) түтікшелермен (10) жалғастырып, үштармақ 

маңына суды оқтын-оқтын жіберуге мүмкіндік беретін құрал (8) 

орнату керек. Екі түтікшенің алдыңғы бөліктеріндегі қысымды 

бақылау үшін манометр (9) орнатуға болады. Түтікшелерге су 

тұрақты қысыммен келіп тұру үшін шыны ыдыстың тығыны 

арқылы түбіне сəл ғана жетпейтіндей етіп шыны түтік (3) орнату 

қажет (34-сурет).



34-сурет. Сұйықтың түтіктің серпімділік қасиетіне байланысты ағу 

ерекшеліктері 

Егер шыны ыдыстың шүмегін ашсақ, онда манометрде қысым 

бір деңгейді көрсетеді де, түтікшелер арқылы су үзілмей ағады. 

Ал енді түтікшелерге суды іркіп-іркіп жіберсек, үзіліс кезінде 

шыны түтікпен жалғасқан манометрдегі қысым нөлге дейін 

төмендеп, судың ағуы тоқтап қалады. Резеңке түтікшеден оның 

қабырғасының керілгіштік қасиетінің арқасында қан тоқтаусыз, 

біркелкі аға береді. Түтікшеге суды ығыстыратын қысым (һ) оның 

қабырғасын керіп, сыйымдылығын көбейтеді. Су қуалаудағы 

үзіліс кезінде түтікше өзінің серпімділігінің арқасында бұрын-

ғы жағдайына оралып, суды сыртқа ығыстырып шығарады. 

Сол себепті манометрдегі қысымның төмендегеніне қарамай, 

үзіліс кезінде түтікше өзінің серпімділігінің арқасында бұрынғы 

жағдайына оралып, суды сыртқа ығыстырып шығарады. Сол 

себепті манометрдегі қысымның төмендегеніне қарамай, іркіліс 

кезінде де су түтіктен толассыз аға береді. Манометрдегі қысым 

нөльге дейін төмендемегеннің өзінде, түтіктен су үзілмей ағады.

Қанның толқын тəрізді сипатта шапшып, іркіліп-іркіліп ағуы 

тек жүрекке жақын орналасқан тамырларда ғана байқалады. Та-

мырлар жүректен алыстаған сайын қан үзілмей ағады.

Организмде қан ағысының көлемдік жəне сызықтық жыл-

дамдығы болады. Көлемдік жылдамдық деп белгілі бір уа қыт 



101

ішінде қан тамырлары арқылы өткен қан мөлшерін айтады (ол 

мл/с мөлшерімен өлшенеді). Қан айналым жүйесі тұйық жүйе 

болғандықтан көлемдік жылдамдық өзгермейді, бір деңгейде 

сақталады. Белгілі уақыт ішінде қолқадан қанша қан өтсе, сонша 

қан артериялардан, капиллярлардан, веналардан да өтіп үлгереді, 

себебі тамырлар тарамдалған сайын олардың жалпы көлденең 

қиындысының мөлшері арта түседі. (15-кесте) Демек, бір минут 

ішінде сол жақ қарыншадан қанша мөлшерде қан айдалса, сонша 

мөлшерде ол оң жақ жүрекшеге оралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет