Оқулық. Алматы: жшс рпбк


а – толқыны жүрекшелер жиырылған кезде, с



Pdf көрінісі
бет81/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

а – толқыны жүрекшелер жиырылған кезде, с – 

толқыны - қарыншалар жиырылғанда, ал 



v – толқыны - веналарда 

қанның іркіліп, олардың қабырғасының керілуімен байланысты 

пайда болады. Кейбір көзқарастарға сəйкес 

с – толқыны ойыс 

венаға жақын орналасқан күре тамырдың соғуына байланысты.




106

42-сурет. Флебограмма

5.15. Тамырлар арнасының реттелуі

Дененің түрлі бөліктеріне 

қан бірдей мөлшерде тарамай-

ды. Физиологиялық күйі 

не 

байланыс ты бір орган қан 



мен 

молырақ, ал екіншісі – азырақ 

қамтамасыз етіледі. Дененің əр-

бір ағзасы қанмен толық қам-

тамасыз етілген жағдайда ғана 

қалыпты жұ 

мыс атқара алады. 

Ағзаның қызметі күшейсе, оның 

қанмен жаб дықталу деңгейі арта-

ды. Салмағына шаққанда қанмен ең мықты жабдықталатын ағза 

– бүйрек. Одан кейінгі орындарды бауыр, жүрек, ми, ішкі секре-

ция бездері алады. Жүректің систолалық көлемінің 80 пайызға 

жуығы бауыр, бүйрек, ет жəне мидың үлесіне тиеді. 

Үлкен қан айналым шеңберінен өтетін қанның мөлшері 

жүректің минуттық сыйымдылығына (көлеміне) жəне шеткі 

кедергіге байланысты өзгеріп отырады. Шеткі кедергі деңгейі қан 

тамырларының тонусына қарай қалыптасады: тамырдың тонусы 

жоғарыласа, оның арнасы тарылып, кедергі көбейеді, ал тонус 

төмендесе, арна кеңіп, кедергі азаяды. Өз кезегінде тамыр тонусы 

арнаулы жүйкелердің əсерімен өзгереді.

Қан тамырларына жүйкелердің əсері жайлы алғашқы мағлұ-

маттарды орыс ғалымы А. П. Вальтер (1842) жинақтаған. Ол сим-

патикалық жүйкелері қиылып тасталған бақаның сирағындағы 

тамырлардың кеңитінін байқаған. Осыдан бірнеше жыл өткен 

соң К. Бернар (1851) мойындағы симпатикалық жүйкесі қиылған 

қоян құлағы тамырларының кеңейетінін 

дəлелдеді. Оң жақтағы симпатикалық 

жүйке қиылса, тек оң кұлақтың ғана та-

мырлары кеңіп, сол құлақтың тамыр-

лары өзгермеген (43-сурет). Қиылған 

симпатикалық жүйкенің шеткей ұшын 

тітіркендіргенде, қан тамырлары тары-

лып, құлақтың температурасы төмен-

деген. Демек, симпатикалық жүйке 

тал шықтары  қан тамырларын тарылта-

тын жүйкелерге, немесе вазоконстрик-

терлерге жатады. 

Қан тамырларының арнасын кеңей-



43-сурет. 

Мойнындағы сим -

па тикалық  жүйкесі  қи ыл  ған 

(2) қоян құлағының та  мы рын-

дағы өзгерістер, 1-сау құлақ



107

тетін жүйкелер негізінен пара 

сим па 

тикалық жүйкелерге жата-

ды. Оларды вазодилятатор лар деп атайды. Дененің пара 

сим- 


 

патикалық жүй 

кемен жүй 

келенбейтін бөліктерінде (мыса-

лы, қаңқа еттерінде) қан тамырлары ұштарынан ацетилхолин 

бөлінетін жүйке тал шық та рының əсерімен кеңиді. Осы себепті 

қан тамырлары арнасын өзгертетін жүйкелерді адренэргиялық 

жəне холинэргиялық деп те бөледі.

Кейбір деректерге қарағанда, тамыр арнасы тек вазо конст рик-

тердің тонусына байланысты өзгереді. Қазіргі кезде тамырларда 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет