Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен


-сурет.  Су молекулаларының түзілуі 13-сурет



Pdf көрінісі
бет16/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
12-сурет
Су молекулаларының түзілуі
13-сурет. 
Көмірдің жануы


26
химиялық реакöияның белгілері
түстің өзгеруі
.
Химиялық реакциялардың 
көпшілігі заттардың 
түсіíің
өçãåрóі
ар қы лы 
жүреді. Мысалы, егер малахитті қыз дырса, 
қара түсті мыс оксиді және түссіз көмір қыш­
қыл газы түзіледі немесе сендер сұр түсті 
болат бұ йым дардың бетінде қоңыр қақтың 
пайда бол ғанын байқаған боларсыңдар. Екі 
жағ дай да да заттардың түстерінің өзгеруі 
байқалады.
тұнбаның пайда бîлуы
.
Кейбір химиялық 
реакциялар нәтижесінде тұнба деп атала­
тын қатты заттар пайда болады (белгі­
ленуі — 

). Мысалы, сүттің ашуы кезінде 
тұн ба ның түзілгенін байқауға болады.
жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі

Көп­
теген реакциялар барысында жылу бөлінеді 
немесе сіңіріледі.
Ãаздың бөлінуі. 
Кейбір реакциялардың 
жүру барысында газ түзіледі (белгіленуі — 

). 
Мысалы, газдалған сусындарды ашқанда 
көмірқышқыл газының бұрқырап бөлінгенін 
байқауға болады. Мүмкін, сендер осындай 
газ бөлінетін тәжірибені ас содасына сірке 
қышқылын қосып жасаған боларсыңдар.
химиялық реакöиялардың басталуы мен 
жүру жағдайлары. 
Химиялық реакциялар 
басталуы үшін не істеу қажет? Ол үшін, 
Сен білесің бе?
Жер бетінде тіршілік 
ететін цианобактерия лар 
мен актинобактериялар 
геосмин органикалық 
затын бөліп шығаруына 
байланысты жаңбырдан 
кейін ерекше иіс пайда 
болады.
Ойлан!
• 
Күнделікті асүйдегі 
газдың жануы қай 
құбылысқа жатады?
Бұл қызық!
Ас әзірлеу — эндотермиялық реакция,
отшашу — экзотермиялық реакция.


27
ең алдымен, әре кеттесуші заттарды тығыз 
жанастыру ке рек. Заттар неғұрлым ұсақ 
болса, олардың бөлшектері бір­бірімен тығыз 
жанасып, реакция өте жылдам жүреді. Қант 
кесегін жағу қиын, ал оның ұнтағы ауада 
қопарылыс беріп жанады (қант шаңының 
қопарылысы қант зауыттарында болып 
тұрады). Заттар ерігенде өте кіші бөлшектерге 
дейін ұсақталады. Сондықтан көптеген 
реакциялар ерітінділерде жүргізіледі.
Кейбір жағдайларда, мысалы, темірдің 
ылғалды ауамен жанасуы реакцияның жүруі 
Ойлан!
• 
Денедегі жарақатты 
сутек асқын 
тотығымен жуғанда 
қандай құбылыс 
байқалады? Сутек 
асқын тотығын 
терінің таза бөлігіне 
тигізгенде ше?
үшін жеткілікті. Бірақ көпшілік жағдайда заттардың тек қана 
жанасуы жеткіліксіз. Мысалы, мыс оттекпен жанасқанда кәдімгі 
температурада (20—25°С) әрекеттеспейді. Оларды әрекеттестіру үшін 
қыздыру қажет.
Химиялық реакциялардың басталуына және жүруіне қыздыру 
түрліше әсер етеді. Кейбір реакциялар жүруі үшін қыздыруды үзбеу 
керек. Қыздыру тоқтаса, химиялық реакция да тоқтайды. Бұған 
қантты айыру арқылы көз жеткізуге болады.
Кейде қыздыру тек реакцияның басталуы үшін ғана қажет, әрі 
қарай реакция өзі жүреді. Отын немесе жанғыш заттардың ауада 
жануы осыған мысал бола алады.
Сонымен химиялық реакциялар жүруі үшін мынадай шарттар 
орын далуы тиіс: заттарды тығыз жанастыру, ұсақтау (еріту), қыз­
дыру (кейде жарық беру) және реакция жылдамдығын арттыратын 
заттарды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет