9
Химияның мынадай негізгі міндеттерін
бөліп көрсетуге болады:
1) заттарды тазарту әдістері арқылы одан
жоғары дәрежедегі таза заттар алу; ерекше
тазартылған заттар радиоэлектронды өндіріс
пен медицинада қолданылады;
2) белгілі бір сипатқа ие, бүгінгі күн та
-
лабына сай материалдарды алу;
3) заттардың қасиеттерін зерттеу және
оларды іс жүзінде қолдануды үйрету;
4) әлі де алынбаған заттардың қасиеттерін
болжау.
заттар
дегеніміз — денелерді құраушылар.
Физикалық дене
және
зат
ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мысалы,
айсберг (мұзтау) — судан тұратын дене, шеге — темір затынан
құралған дене.
Заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе өзара ұқсасты-
ғын көрсететін белгілері олардың қасиеттері
деп аталады.
Кез келген дененің пішіні және көлемі болады. Соған сәйкес әр
зат: агрегаттық күйі, тығыздығы, түсі, жылтырлығы, иісі, дәмі,
қатты лығы, иілімділігі, суда ерігіштігі, жылу және электр тогын
өткізгіштігі сияқты өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерге ие
(1-сызбанұсқа).
1-
сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: