13
Барлық жағдайларда таза заттардың қос-
па лардан артықшылығы бар деген тұжырым
дұрыс емес. Мысалы,
таза оттекпен ты-
ныс алуға болмай ды. Егер атмосферадағы
оттекті қауіпсіз деңгейге дейін “сұйылтып”
тұратын азот бір себептермен жоғалып кет-
се, құрлықтағы барлық тірі организмдер
бірнеше
сағатта тіршілігін жойып, әлемді
алапат өрт жайлар еді.
Қоспалар
біртекті
және
әртекті
болады
(2-сызбанұсқа).
2-
сызбанұсқа
Қоспалар
Біртекті (гомогенді)
Әртекті (гетерогенді)
Ас тұзы мен құм,
керосин
мен су
Ас тұзы, қант, ас содасының
судағы ерітінділері
Ойлан!
•
Қаланың
немесе
өндіріс орнының
үстін бүркеп тұрған
тұмша (смог) қандай
қоспа?
Құрамындағы бөлøектер жай көзбен немесе микроскоппен
көрінетін қоспалар
әðòåêòі
немесе
ãåòåðîãåíäі
деп аталады
.
Кейбір қоспа құрамындағы бөлшектер бір-біріне “еніп” кететіні
сонша, тіпті оларды микроскоп арқылы да көру мүмкін емес. Қанша
үңіліп қарасақ та, ауа құрамындағы газдарды көре алмаймыз. Сол
сияқты сіркесуы немесе ас тұзының судағы ерітіндісінен әртүрлі
бөлшектерді табу мүмкін емес.
Құрамындағы бөлøектері микроскоп арқылы да көрінбейтін
қоспаны
áіðòåêòі
немесе
ãîìîãåíäі
қоспа деп атайды
. Біртекті
қоспалар агрегаттық күйі бойынша
газ тәрізді, сұйық
және
қатты
болып үшке бөлінеді.
Кез келген газдардың қоспасы — гомогенді. Мысалы, таза ауа —
азот, оттек, көмірқышқыл газы, асыл
газдар және су буларынан
тұратын гомогенді қоспа. Øаңды ауа — сол газдардың ішінде қатты
заттардың ұсақ бөлшектері таралған гетерогенді қоспа.
Қоспаларды бөлу
Химиялық зертхана мен өндіріске көбіне таза заттар қажет. Олар
арнайы тазартуды талап етеді. Қоспаларды бөлудің түрлі әдістері
бар (3-сызбанұсқа). Олармен тереңірек танысайық.