Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен


  Қоспаны бөлудің негізгі əдістерін ата.  7



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Байланысты:
7 сынып химия оқулығы

 6. 
Қоспаны бөлудің негізгі əдістерін ата.
 7. 
Шаңсорғыштың шаңды ауаны сорып, оны тазартуы қай əдіспен 
жүзеге асады?
 8. 
Ас тұзы мен тіс тазартатын ұнтақты, бензин мен суды жəне 
спирт пен суды қалай бөлуге болады?
 
Крахмал алу
Крахмал алу үшін 2 картоп, кастрөл, су, сүзгі, йодтың 
спирттегі ерітіндісі қажет. Картопты өте ұсақтап турап, 
ыстық суда 2-3 мин бұқтырыңдар. Содан кейін ерітіндіні 
салқындатып, крахмалдың түзілгенін йодпен тексеріңдер. 
Éод көк түске боялады. Содан кейін картопты ерітіндіден 
бөліп алып, ерітіндіні буландырыңдар. Кастрөл түбінде ақ 
түсті ұнтақ — крахмал қалады.
өте маңызды
Физикалық қасиеті тұрақты заттар таза зат-
тар деп аталады. Таза заттар бір ғана заттың бөл-
шектерінен, ал қоспалар екі немесе одан да көп 
заттардан тұрады. Қоспалар біртекті және әртекті 
болады. Қоспа құрамындағы әр зат өзінің қасиетін 
сақтайды. Сондықтан қоспаларды бөлудің әртүрлі 
тәсілдері бар.
Дистилдеу
 
(
айдаó
) — ұ шқыш сұйықтық-
тар ды алдымен буландырып, содан кейін 
бір ден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру 
(конденсациялау) әдісі. 


17
6-сурет. 
Иісті анықтау
7-сурет. 
Сынауықты 
қыздыру
1-праКТиКалыҚ ЖұМыс
Химия кабинетіндеãі қауіпсіздік 
техникасы ережелері
Химия кабинеті мен зертханаларда реактив 
деп аталатын химиялық заттар бар. Бұл заттардың 
көпшілігі қауіпті, өткір иісті әрі күйікке шалдықтыруы 
мүмкін. Реактивтердің кейбіреулері улы, жанғыш 
немесе жарылғыш келеді. Осыған байланысты 
химиялық реак тивтермен жұмыс істегенде қауіпсіздік 
техникасы ережелерін қатаң сақтау керек. Негізгі 
ережелермен қысқаша танысып өтейік.
1. Химия кабинеттері мен зертханаларда 
тәжірибелер мұғалім немесе зертханашының 
басшылығымен жүргізілуі тиіс.
2. Жұмысты бастамас бұрын пайдаланылатын 
реактивтердің қасиеттерімен, құрал­жабдықтарды 
қолдану ережелерімен танысып, жұмыстың жүргізілу 
ретін білуге тиіссіңдер.
3. Зертханалық жұмыс үстінде бір орыннан екінші орынға мұғалімнің 
рұқсатынсыз баруға, бір­біріңе қандай да бір заттарды (кітап, және т.б.) лақ­
тыруға, дауыс көтеруге болмайды.
4. Ерітінділерді бір­біріне мақсатсыз құйып араластыруға немесе заттардың 
қасиеттерін өз беттеріңмен сынап көруге тыйым салынады.
5. Жұмысқа тек қана таза, құрғақ, бүтін ыдыс пайдалану қажет.
6. Заттардың дәмін татуға және химиялық зертханаларда тамақ ішуге тыйым 
салынады.
7. Тәжірибеге арналған заттарды немесе құралдарды өздеріңмен бірге алып 
кетуге болмайды.
8. Ұшқыш заттардың иісін анықтау үшін ыдыс­
ты бірден мұрынға тақауға болмайды. Себебі 
кей бір заттардың улы буы тыныс алу жолдарын 
тітіркендіруі мүмкін. Иісті танып білу үшін ыдыстың 
аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек 
(6­сурет).
9. Ыдыстарға немесе қыздырып жатқан кәрлен 
табақшаға үңіліп қарауға болмайды, себебі заттар 
шашырап, күйік шалуы мүмкін.
10. Қатты қызған сұйықтық шашырауы мүмкін. 
Сондықтан сынауықтағы сұйықтықты қыздырғанда 
өздеріңе және басқа адамдарға қаратпай қыздыру 
қажет (7­сурет).
11. Тәжірибе жүргізу үшін заттарды дәлдікпен
аз мөлшерде алуға тырысыңдар. Реактивтерді 
үнемді жұмсап үйреніңдер. Ерітінділердің көлемі 
сынауықтың 1/3 бөлігінен аспауы тиіс.


18
12. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде өте сақ болыңдар. 
Қолдарыңа немесе киімдеріңе тиіп кетсе, дереу судың көп мөлшерімен жуып 
жіберіңдер.
13. Қышқылды сұйылту керек болған жағдайда араластырып жатқан суға 
қышқылды сыздықтатып құю керек. Суды қышқылға құюға болмайды (8­сурет).
14. Спиртшам мен электрқыздырғышты пайдаланғанда келесі ережелерді 
басшылыққа алыңдар:
a) спиртшамды және электрқыздырғышты қажет болмаса іске қосуға тыйым 
салынады; спиртшамды тек қана сіріңкенің көмегімен тұтату қажет; бір 
спиртшаммен екіншісін тұтандыруға болмайды, себебі спирт төгіліп, өрт 
шығуы мүмкін;
ә) спиртшамды үрлеп сөндіруге болмайды, тек қақпағын жауып сөндіру 
қажет;
б) электрқыздырғыш құралды ток көзіне қоспай тұрып, сымның оқшаула­
нуын тексеріңдер; қыздыру спиралін ластамаңдар;
в) жұмыс аяқталған соң электрқыздырғышты ток көзінен ажыратыңдар.
15. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын тәртіпке келтіріп, реак тив 
қалдықтарын мұғалім көрсеткен ыдысқа төгіңдер. Электр қыздырғыштың ток 
көзінен ажыратылғанын тексеруді ұмытпаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет