47
Біліміңді тексер
1.
Химиялық элемент дегеніміз не? Химиялық элемент және жай
зат
ұғымдарының айырмашылығы қандай?
2.
Келесі тұжырымдардың қайсысында химиялық элемент, қайсысында
жай зат туралы сөз болады?
а) азот пен оттек ауаның негізін құрайды;
ә) жер қыртысының жартысы оттектің үлесіне тиеді;
б)
азот өсімдіктің өсуіне қажет;
в)
гелий ең алғаш Күннен табылды.
3.
Жай заттар қандай үлкен екі топқа бөлінеді және олардың бір-
бірінен айырмашылығы неде?
4.
Химиялық элементтерді қалай таңбалайтынын білесің бе?
5.
Атомдық нөмірлері 6, 8, 12, 18, 22, 33, 29, 79, 80-ге тең
химия лық элементтерді периодтық жүйеден тауып көрсетіп,
оларды атай аласың ба?
6.
Периодтық жүйеде а) ғаламшарлар; ә) атақты ғалымдар; б) мем-
ле кет; в) қалалар құрметіне аталған элементтер бар ма?
7.
Күкірт сөзін пайдаланып, бірінде күкірт жай зат, екіншісінде
химия лық элемент екенін білдіретін екі сөйлем құрастыр.
Өте маңызды
Әрбір химиялық элементтің өзінің жеке химиялық
таңбасы бар. Химиялық элемент — атомдардың
белгілі бір түрі. Химиялық элементтер үлкен екі
топқа бөлінеді: металдар және бейметалдар. Бір ғана
химиялық элемент атомдарынан тұратын заттар жай
заттарға, әртүрлі элементтер атомынан түзілетін
заттар күрделі заттарға жатады.
§ 7. АÒÎÌ ҚҰÐАÌÛ ÌÅÍ ҚҰÐÛËÛÑÛ. ÈЗÎÒÎÏÒАÐ
1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Ðезерфорд
атомның ортасында оң зарядталған ядросы
бар екенін тәжірибе жүзінде анықтады.
Сөйтіп, атомның планетарлық моделін
ұсынды (20-сурет). Бұл модель бойынша атом
оң зарядталған ядро дан және оны айнала
қозғалатын теріс заряд талған электрондардан
(
e
–
) тұрады.
Электронның массасы, протон мен нейтрон
массаларымен салыстырғанда, өте аз шама.
Оны ескермеуге де болады. Атомның бүкіл
массасы ядрода шоғырланған.
Бүгінгі сабақта:
•
атом құрамы мен құры-
лысын оқып-үйренеміз;
•
изотоп ұғымын білетін
боламыз.
•
Ядро
•
Протон
•
Нейтрон
•
Электрон
•
Изотоп
Достарыңызбен бөлісу: