Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет30/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
Химиялық элементтердің таңбалары
Заттардың құрамы мен құрылысын зерт-
теуді жеңілдету үшін хи мия лық эле мент-
терді қысқартылған химиялық таң ба лар 
арқылы белгілейді. Швед химигі Й.Бер це-
лиустың ұсынуымен химиялық элемент-
терді олардың латынша аталуына сәйкес 
бірінші немесе келесі әріптерінің бірімен 
қоса таңбалау қабылданған. Мысалы, сутек 
(лат. 
һydrogenium
— гидро гениум) H деп 
таңбаланады, сынап (лат. 
hydrargyrum
— 
гидраргирум) Hg деп таңбаланады және т.б. 
5-кестеде кейбір химиялық элементтердің 
атаулары мен таңбалары келтірілген.
Химияны әрі қарай жақсы оқып меңгеру 
үшін жиі кездесетін элемент таңбалары 
мен олардың атауларын жатқа білу қажет. 
Көптеген элемент сәйкесінше толық атауымен 
аталады. Мысалы, калийдің таңбасы K 
(kalium) “калий” деп оқылады, мыстың 
таңбасы Cu (cuprum) “купрум” деп оқылады.
Сен білесің бе?
Оттек, көміртек, су-
тек және азот — адам 
организмін құрайтын ең 
маңызды элементтер. 
Егер ересек адамның 
салмағы шамамен 73 кг 
шамасында болса, оның 
70 кг-ы осы айтылған 
элементтердің үлесіне 
тиеді. Кальций мен 
фосфордың массасы 
2 кг-ға жуық, олар сүйек 
құрамында болады және 
оған беріктік қасиет 
береді. Kaлий, күкірт, 
натрий, хлор бірнеше 
ондаған грамға жетеді. 
Адам организміндегі 
темірдің массасы небәрі 
6 г-ға жуық болғанымен, 
гемоглобин құрамына 
кіретін темір ерекше 
маңызды рөл атқарады.
19-сурет. 
Күрделі заттар молекулалары
күкіртсутек
аммиак
метан
көмірқышқыл газы
Йенс Якоб Берцелиус
(1779—1848)
Швед химигі, 1814 жылы қазіргі кезде қолданылып 
жүрген химиялық элементтердің таңбаларын енгізді. 
1807—1818 жылдары 45 химиялық элементтің атомдық 
массасын анықтады. Басқа да бірқатар ғылыми жаңалықтар 
ашты.


46
Химиялық элементтің салыс тырмалы атомдық массасы (A
r

деп элементтің атомдық массасының көміртек атомы массасының 
1/12 бөлігіне қатынасын айтады.
5-
кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет