Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен


Атмосфераны қорғауға байланысты жүр гізілетін іс-шаралар



Pdf көрінісі
бет37/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Атмосфераны қорғауға байланысты жүр гізілетін іс-шаралар. 
Атмо сфе раны қорғау шаралары адамның тір ші лік ортасында зиян ды 
заттардың мөлшері ШРК­дан (шекті рұқсат етілген концентрация) 
артық болмауын қам тамасыз етеді.
Антуан Лоран Лавуазье
(1743—1794)
Француз химигі, 1774 жылы ауаның құрамын тәжі­
рибе жү зінде дәлелдеді және “химиялық элемент”, 
“химиялық қосылыс” ұғымдарын енгізді. Ол химиялық 
заттарды алғаш жіктегендердің бірі.


54
Әртүрлі газдарды тазартуда құрғақ шаң­
тұтқыштар — циклон аппараттары қолда­
нылады. Газдарды шаң мен тұманнан тазар­
туда ең көп қолданылатыны — электрсүзгі­
лер. Бөлінетін газдарды жоғары деңгейде 
тазарту үшін көпсатылы тазарту аппараттары 
қолданылады.
Ірі қалаларда сырттан келетін жүк маши­
на ларының санын азайту үшін қалаларды 
айна лып өтетін жолдар мен жолайрықтар 
салынуда.
Ауаға зиянды және иісті заттар бөле тін 
кәсіпорындардың кейбір бөлімдері санитар­
лық қорғаныс зоналарымен бөлініп, тұрғын 
үйлерден аулақ орналас тырылады.
Сен білесің бе? 
Адамның сол жақ өкпе­
сіне қарағанда оң жақ өк­
пе сіне ауа көбірек сыяды.
“Атмосфера ауасын 
қорғау” Заңында мемлекет 
атмосфераны ластамауға
қалпына келтіруге, 
адамдардың өмір сүруі мен 
еңбек етуіне, демалуына 
қолайлы жағдай жасауға, 
денсаулығын сақтауға 
көңіл бөледі деп жазылған.
Өндіріс шаңы мен зиянды газдардың концентра циясын төмендету 
үшін ағаштар, шөптесін өсімдіктер көптеп отырғызылады.
♦ 
Елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды 
жақсарту мақсатында ҚР Үкіметі “Жасыл ел” бағдарламасын қабылдады. Осы 
бағдарлама аясында Қазақстанда соңғы жылдары 3 млн­нан артық ағаштар 
мен бұталар отырғызылып, 200 мыңдай саябақ пен шағын бақтар қалпына 
келтірілді. 
Бұл бағдарлама орман өртін болдырмауды және 145,18 мың га жердің 
орманын қалпына келтіруді қарастырып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет