Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен


  Кестені дəптерге сызып толтыр. Ойлан!



Pdf көрінісі
бет6/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
 5. 
Кестені дəптерге сызып толтыр.
Ойлан!
• 
Адамның табиғатқа 
тигізетін оң және 
кері әсері жөнінде 
өздерің не айтар 
едіңдер?
жұпар иісті иіссулар мен сабындар. Бұлардың барлығы химия мен 
тығыз байланысты. Химия — тез дамып келе жатқан ғылым және 
физика ғылымымен қоса есептегенде, техникалық прогрестің негізгі 
қозғаушысы болып табылады.
Өкінішке орай, адамның іс-әрекеті табиғи ортаға зиянын да 
тигізіп отыр.
Болашақта орны толмас олқылықтарға тап болмау үшін адамдар 
өздеріне қажетті заттарды өндіруде қоршаған ортаға зиян келтірмеу 
жолдарын іздеуі керек және ескілерінің орнын алмастыратын 
неғұрлым тиімді материалдарды ойлап табуы тиіс. Қалдықсыз 
өндіріс әдістерін қолданып табиғи шикізаттарды тиімді пайдалану, 
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін 
өркендету қажет. Бұларды іске асыруда адамзаттың толыққанды 
өмір сүру мүмкіндігі мен жеткен жетістігіне ешқандай нұқсан 
келмеуі тиіс. Мұның барлығында химия ғылымы шешуші рөл 
атқарады.


11
 
 
Заттың физикалық қасиеттері
Заттар
Агрегаттық
күйі
Түсі
Иici Қаттылығы
Суда
ерігіштігі
Ac тұзы
Ac содасы
Су
Оттек
Темір
 6. 
Адамның табиғатқа тигізетін оң жəне кері əсерлеріне мысалдар 
кел тір.
 7. 
Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі 
қан дай?
 8. 
Химия сөзінің шығу тарихын жəне химия ғылымының адамзат тари-
хындағы маңызын əңгімеле.
өте маңызды
Химия — жаратылыстану ғылымдарының бір 
саласы. Химия — заттарды, олардың қасиеттерін, 
заттардың бір-біріне айналуын, қолданылуын 
зерттейтін ғылым. Заттар — денелерді құраушылар. 
Олар бір-бірінен өздеріне тән физикалық және 
химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Химияның 
міндеті — адамзаттың сұранысына қажет химиялық 
жаңа заттарды алу, табиғи қорды тиімді пайдала-
нып, қоршаған ортаны қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет