8
І тарау
Õèìèÿ
— табиғаттың құпия сырларын,
бүкіл әлемдегі заттардың құрамы мен құ ры-
лысын, олардың
бір-біріне айналуын зерт-
тейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі.
Ал адамзат сол заттарды күнделікті өмір де
қолданып, оны іс жүзінде қажетіне жара-
тады.
Айналамызға көз жіберсек, бізді көптеген
денелер
қоршап тұрғанын байқаймыз. Өлше-
мі және пішіні бойынша ажыратылатын бұл
де не лерді
ôизикалық денелер
деп атайды. Іс
жүзінде кейбір денелер бір ғана заттан жасал-
са, кейбір денелер бірнеше заттардан тұра ды.
Өсімдіктер, жануарлар және адам денесі —
орасан көп заттардан құралған физи ка лық
денелер. Өз кезегінде бір ғана заттан бір неше
физикалық дене түзілуі мүмкін. Іс жү зін де
әртүрлі заттардан бірдей денелер жасалады.
ХИМИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ.
ТАЗА ЗАТТАР ЖӘНЕ
ҚОСПАЛАР
§ 1. ХиМия пӘнІ. заТТар ЖӘне Олардың ҚасиеТТерІ
Бұл қызық!
Бір заттан бірнеше физикалық дене-
лер түзіледі, бір дене бірнеше заттан
жасалады.
Бүгінгі сабақта:
•
химия ғылымы нені
оқытатынын
білетін
боламыз;
•
зат, дене ұғымдарымен
танысамыз және
оларды ажырата
аламыз;
•
химия
ғылымының
міндеті мен маңызын
түсінеміз.
•
Зат
•
Дене
•
Заттардың қасиеті
Тірек сөздер
9
Химияның
мынадай негізгі міндеттерін
бөліп көрсетуге болады:
1) заттарды тазарту әдістері арқылы одан
жоғары дәрежедегі таза заттар алу; ерекше
тазартылған заттар радиоэлектронды өндіріс
пен медицинада қолданылады;
2) белгілі бір сипатқа ие, бүгінгі күн та
-
лабына
сай материалдарды алу;
3) заттардың қасиеттерін зерттеу және
оларды іс жүзінде қолдануды үйрету;
4) әлі де алынбаған заттардың қасиеттерін
болжау.
заттар
дегеніміз — денелерді құраушылар.
Физикалық дене
және
зат
ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу қажет. Мысалы,
айсберг (мұзтау) — судан тұратын дене, шеге —
темір затынан
құралған дене.
Заттардың бір-бірінен айырмашылығын немесе өзара ұқсасты-
ғын көрсететін белгілері олардың қасиеттері
деп аталады.
Кез келген дененің пішіні және көлемі болады. Соған сәйкес әр
зат: агрегаттық күйі, тығыздығы, түсі,
жылтырлығы, иісі, дәмі,
қатты лығы, иілімділігі, суда ерігіштігі, жылу және электр тогын
өткізгіштігі сияқты өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерге ие
(1-сызбанұсқа).
1-
сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: